Мамандар телефонды қай жерде зарядтауға болмайтынын айтты
Қысқа сілтеме алу
Зарядталып тұрған телефонға арнайы код жіберуге болады. Кейін сол код арқылы телефонды басқа біреу басқара алады
НҰР-СҰЛТАН, 9 қаңтар — Sputnik. Соңғы кезде қоғамдық жерлерде телефонды зарядтауға арналған орындар көбейіп келеді. Алайда мамандар мұндай USB-ді қолдану қауіпті болуы мүмкін екенін айтып отыр. Олар арқылы телефонның ішіндегі мәліметтерді алып, вирустық бағдарламалар жүктеуге болады, деп хабарлайды РИА Новости.
Group-IB компаниясының компьютерлік криминалистика зертханасы жетекшісінің орынбасары Сергей Никитин стандартты USB кабельде төрт сым болатынын айтты. Екеуі мәлімет алмасу, біреуі тоқ беру («фазасы» әдетте 5 вольт), соңғысы — «нөл».
«Кез келген гаджетті USB арқылы зарядтау үшін «нөл» және 5 вольттік сымдар жеткілікті. Ал мәлімет алмасуға арналған сым қолданылмауы керек. Өйткені оның көмегімен зарядтау құрылғысына шағын компьютер қосуға болады. Яғни сіз телефонды зарядтауға қойғанда, ол өзге құрылғыға қосылып кетуі мүмкін», — деп ескертті маман.
Тағы оқыңыз: Дәрігер телефонның жарығы орны толмас өкінішке әкелуі мүмкін екенін айтты
Осылайша алаяқтар зарядталып тұрған телефонды шағын компьютер арқылы басқарып, телефонға арнайы код жібере алады. Сол код арқылы телефонды басқарады.
sputniknews.kz