Иранда 180 адамы бар жолаушы ұшағы құлады

0

Иранның ресми және жартылай ресми бұқаралық ақпарат құралдарының хабарлауынша, Украина әуе компаниясына тиесілі Boeing 737 жолаушы ұшағы қаңтардың 8-і күні таңғы уақытта Тегерандағы Имам Хомейни атындағы халықаралық әуежайдан ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай жерге құлаған.

Тегераннан Киевке ұшып шыққан ұшақта кемінде 170 адам болғаны хабарланды. Әзірге қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ресми ақпарат жоқ.

Иранның Fars жаңалықтар агенттігі жолаушы ұшағы техникалық себептерге байланысты апатқа ұшыраған болуы мүмкін деп хабарлады. Әуежай басшылығы жолаушы ұшағының құлағаны туралы ақпаратты растаған.

Әлеуметтік желі қолданушылар «ұшақтың құлаған сәті» түсірілген видеоны жариялады.

IRNA агенттігі апат болған жерде түсірілген суреттерді таратты. Ол жерде құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.

Azattyq