«Жігіттер» тобының әншісі Ердос Қанаевтың ұлы көз жұмды
Қысқа сілтеме алу
https://sputniknews.kz/images/915/47/9154740.jpg
Sputnik Қазақстан
https://sputniknews.kz/society/20200106/12472034/Tanymal-anshi-uly.html
Бұған дейін Ердос Қанаев сұқбаттарының бірінде тұңғыш ұлының сал ауруының ауыр түріне шалдыққанын айтқан еді
НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. «Жігіттер» квартетінің әншісі Ердос Қанаевтың үлкен ұлы көз жұмды. Суыт хабарды топтың продюсері Ерғали Әбдірайымов әлеуметтік желіде жеткізді.
«Айналайын Ердос бауырым! Абдурахим «періште» ұлыңды, Жаратқан Ием өз мейріміне алсын. Қайғыңа ортақтасып көңіл айтамын», — деп жазды Әбдірайымов инстаграмдағы парақшасында.
Жаназасы ертең сағат 14:00-де Бесағашта шығарылады деп хабарлаған.
Ердос Қанаев – «Жігіттер» квартетінің әншісі. Топ 2003 жылы Шымкентте құрылған еді.
Бұған дейін Ердос Қанаев сұқбаттарының бірінде тұңғыш ұлының сал ауруының ауыр түріне шалдыққанын айтқан еді. Есімін Әбдурахим деп әншінің өзі қойған.
Әншінің одан бөлек Диасыл және Ахмет есімді екі ұлы, Асылым есімді бір қызы бар.
sputniknews.kz