Моңғолия президенті барлық зейнеткердің кредитін жауып берді

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Ел билігі парламент сайлауы қарсаңында зейнеткерлерге сый жасады, барлығы 200 мыңдай борышкердің кредит бойынша қарызы өтелді

НҰР-СҰЛТАН, 6 қаңтар – Sputnik. Моңғолия президенті Халтмаагийн Баттулга 2020 жылғы парламент сайлауының қарсаңында жомарттық танытып, елдегі барлық зейнеткердің кредитін кешірді.

Президент мерекелік бейнеүндеуінде зейнет жасындағы азаматтардың кредит бойынша қарызы кешірілетінін жариялады, деп хабарлайды Росбалт.  

Жалпы алғанда 200 мыңдай борышкердің кредиті жабылмақ. Олардың дені әжептәуір ірі сома төлеп жүрген.

«Моңғолияның ұлттық қауіпсіздік кеңесі қарыздан құтылуға көмектесу мақсатында барлық зейнеткердің кредитін өтеп беру туралы шешім қабылдағанын қуана хабарлаймын», — деді Баттулга.

Тағы оқыңыз: Бірінші қаңтардан кімдерге кредит беруге тыйым салынды?

Бұл ретте басылым мұндай шешімдерді ұлттық қауіпсіздік кеңесі емес, парламент қабылдайтынын атап өткен.



sputniknews.kz