Мұхтар Тілеуберді Таяу Шығыстағы жанжалдың ушығуына қатысты пікір білдірді   

0

Саясат

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Сыртқы істер министрі барлық тарапты шиеленісті одан әрі ушықтырмауға және жанжалды шешудің дипломатиялық жолдарын іздеуге шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар — Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ирандық әріптесі Мохаммад Джавад Зарифпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Иранда генерал Сулеймани өлімінен кейін мыңдаған адам митингке шықты — видео 

Иран сыртқы істер министрлігінің басшысы Таяу Шығыстағы қазіргі ахуал туралы хабардар етті.

«Министр Мұхтар Тілеуберді өңірдегі жағдайдың шиеленісуіне алаңдаушылық білдірді. Ол барлық тарапты шиеленістің одан әрі ушығуын болдырмау үшін ұстамдылық танытуға және жанжалды шешудің саяси-дипломатиялық жолдарын іздеуге шақырды», — деп жазылған хабарламада.

Генерал Касем Сулейманидің қазасы

Сулеймани жұма, 3 қаңтар күні Бағдадтың халықаралық әуежайы ауданында АҚШ-тың зымыран шабуылы кезінде қаза тапты. Бұған қоса, әуе шабулынынан ирак шейіт жасағы басшысының орынбасары Әл-Хашд аш-Шааби Әбу Махди әл-Мухандис мерт болды.

АҚШ қорғаныс министрлігі Иран күш құрылымдарының қызметкерлері мен Сулейманиді өлтіргенін мойындады, олар президент Дональд Трамптың бұйрығын орындағанын мәлімдеді. Осылайша Америка билігі өз әскери күштерін Иранның болашақ шабуылдарынан қорғамақ болыпты.

Америка билігінің бұл әрекеті көпшіліктің наразылығын тудырды. Иран үкіметі Сулейманидің қазасы үшін АҚШ-тан кек алатынын мәлімдеді.

Әлемдік қауымдастық АҚШ пен Иранды сабырға шақырды.



sputniknews.kz