Айгүл Иманбаева 20 жыл ішінде қанша күйеуі болғанын ұмытып қалды — новости Казахстана
Өзінің суық мінезді екенін айтқан Айгүл Иманбаева адамды жанына оңайлықпен жуытпайды. Көзінде мысы бар екенін жасырмаған әнші 20 жыл ішінде қанша күйеуі болғанын білмейтінін мәлім етті деп жазады «Астана» арнасының «Ел аузында» бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.
«Мен өзі жаныма адамды жақындата салатын адам емеспін. Маған бірнәрсе айту үшін адамдар мың рет ойланып жақындайды.
Өйткені, мыс бар. Көзқарасымнан да кейбіреулер бата алмай тұрады», — деген актриса бағдарлама жүргізушісінің сұрақтарына қысқа жауап қайтарды.
«20 жылдың ішінде қанша күйеуім болғаны есімде жоқ. Лақтырып кеткен адам да есімде емес. 2019 жылдан қалмаймын. Мен бәрін жылда алдаймын солай. Бірақ, бұл жолы шын айтамын», — деп күлді Айгүл Иманбаева.
Айта кетейік, осы жылдың мамыр айында Айгүл Иманбаева тұрмысқа шығуға ниетті екенін жасырмаған еді.
Естеріңізге сала кетейік, Айгүл Иманбаеваның әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.
Сіздің реакцияңыз
Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар