Тоқаев 2020 жылғы жұмыстың басым бағыттарын пысықтады
Қысқа сілтеме алу
Бүгін Ақордада өткен жиында 2020 жылға жоспарланған негізгі іс-шаралар тізбесі қаралды
НҰР-СҰЛТАН, 4 қаңтар — Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент әкімшілігі басшылығымен 2020 жылғы жұмыстардың басым бағыттары жөнінде жиын өткізді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Жиында еліміздің әлеуметтік-экономикалық, қоғамдық-саяси дамуы мен сыртқы саясат жөніндегі мәселелері талқыланды. 2020 жылға жоспарланған негізгі іс-шаралар тізбесі қаралды.
«Абайдың 175 жылдығы мен Әл-Фарабидың 1150 жылдығын атап өтуді ұйымдастыру шаралары да пысықталды», — делінген ақпаратта.
Сондай-ақ, аймақтарды экономикалық және әлеуметтік дамыту жөніндегі іс-шаралар мен 2020 жылдың І тоқсанына жоспарланған маңызды мәселелер талқыланды.
Жиын қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыру және өзекті әлеуметтік мәселелерді шешудегі жұмыстарды күшейту бойынша нақты тапсырмалар берді.
sputniknews.kz