2019 жылы жұрттың назарында болған атышулы үш оқиға — Қазақстан жаңалықтары
Өткен доңыз жылында шуға айналған оқиғалар қайсысы? Stan.kz ақпарат агенттігі тізімін жасап көрді.
1. Жыл басында «Тұлпар-Тальго» пойызының екі жолсерігіне қатысты әйелді жабылып зорлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Оқиға өткен жылдың 26 қыркүйек күні кешкі сағат 10-дар шамасында «Тальго» пойызының купесінде болған. Купе ішінде бір ер адам болған.
Елді шулатқан іске 25 желтоқсанда нүкте қойылды. «Тальго» пойызында «әйел зорлады» деп айыпталған жолсеріктерге қатысты сот үкім шығарды. Жетес Үмбеталиев пен Қолқанат Құрманиязов Қылмыстық кодекстің 120-бабы бойынша «айыпты» деп танылды. Олар 5 жылға бас бостандығынан айырылу жазасына кесілді.
2. 10 маусымда кешкі сағат 18.00 кезінде «Алғабас» шағын ауданындағы «Алатау» театры алдында Ринат Зайытовтың үндеуімен адамдар санкцияланбаған митингіге жиналды.
Полиция Ринат Зайытовты «Алматы Арена» маңынан ұстап, алып кеткен. Сол кезде алматылықтар көшеге шығып, билікке ақынды босату туралы талап қойды. Артынша ақын Instagram желісі арқылы өзінің қамаудан босап шыққанын хабарлаған еді. 11 маусым күні полиция өкілдері Ринат Зайытовтың ұсталуына қатысты пікір білдіріп, оның үйіне жіберілгендігін мәлімдеді.
3. 2019 жылы ең көп талқыланған тұлғалардың бірі — президент сайлауында кандидат болған Әміржан Қосанов болды. Қасым-Жомарт Тоқаевтан соң көп дауыс жинаған Қосанов қазіргі президенттің басты қарсыласы деп аталды.
Алматы мен Нұр-Сұлтанда, Шымкентте жүздеген адам наразылыққа шығып, сайлауға бойкот жариялайтындықтарын мәлімдеді. Ресми деректерге сүйенсек, Нұр-Сұлтан мен Алматыда кемінде 700-ге жуық адам ұсталған. Наразылық шарасынан ақпарат таратқан журналистер де қамауға алынды.
Осы уақытта Әміржан Қосанов Тоқаевты құттықтай отырып, сайлауға бойкот жариялаған митингтерді жалған оппозиционерлердің арандатуы деп атады. Бұл мәлімдемесімен ол өзіне үміт артқан қазақстандықтардың ашуын туғызып, бұрынғы кандидаттың жақтастары оның әр сөзін сынап, Қосановқа нешетүрлі айыптар тағылды. Қазір Әміржан Қосанов аса белсенділік танытпайды.
stan.kz