Суданда әскери ұшақ құлады: 18 адам қаза болды
Қысқа сілтеме алу
Этносаралық қақтығыстардан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жеткізген ұшақтың бортында мемлекеттік шенеуніктер мен төрт бала болған
НҰР-СҰЛТАН, 3 қаңтар – Sputnik. Батыс Дарфурда (Судан) 2 қаңтар күні кешке «Ан-12» әскери ұшағы құлады, қаза болғандар бар.
Ұшақ Батыс Дарфурдағы әскери әуе базасынан шыққаннан кейін бірден құлады, деп хабарлады Al Arabiya.
Әуе апаты 18 адамның өмірін қиды. Олардың арасында әскери қызметкерлер, судьялар мен төрт бала болды.
قبل قليل | سقوط طائرة عسكرية انتنوف (12) متحركة من الجنينة للخرطوم شرق مطار الشهيد صبيرة بمنطقة كرك ومصرع جميع مافيها ،على متنها العميد قائد الطائرة وثلاثة قضاة من زالنجي وموظف من منظمة wfp و15مواطن
كان يفترض أن يسافر فيها وزير العدل لكنه تخلف في اخر لحظة والآن في مقر اقامته pic.twitter.com/frvzr86K9H— Salma | سلمى 🦋 (@salma1siddig) 2 января 2020 г.
»Ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін бес минут өткен соң апатқа ұшырады, салдарынан жеті адамнан тұратын экипаж, үш судья және сегіз азаматтық тұлға қаза болды, олардың арасында төрт бала бар», — деді Судан әскерінің ресми өкілі Амера Мұхаммед әл-Хасан.
Алматыда Bek Air ұшағы апатқа ұшыраған сәттің видеосы жарияланды
29 желтоқсанда Эль-Генейнада болған ұлтаралық қақтығыстардан зардап шеккендерге гуманитарлық көмек жеткізгеннен кейін ресейлік төрт қозғалтқышты ұшақ Хартумға барар жолда құлады, деп хабарлады Sudan Tribune.
sputniknews.kz