Қазақстанда 31 желтоқсанда қандай маңызды оқиғалар болады

0

Sputnik Қазақстан агенттігі 31 желтоқсанда болатын негізгі іс-шаралар мен оқиғаларға шолу жасайды. Сондай-ақ, 1-6 қаңтар аралығында не жоспарланғанын біле аласыз

31 желтоқсанға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығында қарт адамдарға арналған мерекелік концерт. Концерт мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен өтеді (Көктал 1, Аққорған көшесі, 2).

АЛМАТЫ

20.00 – Қазақстан эстрада жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтеді («Астана» алаңы).

1 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

«Эльфтардың бастан кешкен оқиғасы» ойын-сауықтық бағдарламасы («Хан Шатыр» ойын-сауық орталығы, Тұран даңғылы, 37).

АЛМАТЫ

12.00 – I Love Running акциясы аясында «Забег обещаний» спорттық шарасы өтеді. Қашықтық – 2020 метр (Баум атындағы тоғай).

2 қаңтарға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

19.00 –»Хор Турецкого» арт-группасының концерті (Республика сарайы).

3 қаңтарға жоспарланған шаралар

АЛМАТЫ

11.00 — «Ледяное сердце-2» атты шоу. Оған кәсіби мәнерлеп сырғанаушылар қатысады (Балуан Шолақ атындағы спорт сарайы).

4 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

12.00 –»Щелкунчик» балеті (Astana Opera, Қонаева көшесі, 1).

15.30 – «Walt Disney-дің жаңа-жылдық саяхаты» көрсетілімі («Астана» концерт залы (бұрынғы «Конгресс холл», Бейбітшілік көшесі, 11).

5 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

11.00 – «В поисках Деда Мороза» жаңа жылдық ертегісі қойылады (Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ мемлекеттік академиялық музыкалық драма театры, байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

15.00 – «Трансформеры в поисках планеты» жаңа жылдық шоуы өтеді («Астана» концерт залы (бұрынғы «Конгресс-Холл»). Байланыс телефоны: +7 702 947 80 53).

6 қаңтарға жоспарланған шаралар

НҰР-СҰЛТАН

17.00 – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, хор жетекшісі Ержан Дәуітовтың жетекшілігімен «Астана Опера» хорының гала-концерті өтеді («Астана Опера» театры).

Жоспарланған шаралар тізімі ашық дереккөзден алынды. Sputnik Қазақстан шаралардың уақыты мен күнінің өзгеруіне жауапты емес.



sputniknews.kz