Қырғыз үкіметі зейнет жинағын ипотека мен емге пайдалануға рұқсат ететін қаулы қабылдады

0

Қырғызстан үкіметінің премьер-министрі Мұхаммедқали Абылғазиев жеке тұлғаларға зейнетақы жинағын ипотекалық кредит алғанда алғашқы жарна ретінде пайдалануға мүмкіндік беретін үкімет қаулысына қол қойды. Бұл туралы қырғыз үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Үкімет хабарына қарағанда, мұнан былай ауыр дертке шалдыққандар да зейнет жинағындағы қаржысын емге төлеуіне болады.

Зейнет жинағын мерзімінен бұрын алуға құқылы ауыр науқастар санатын денсаулық сақтау министрлігі жасайды, бұл санатқа онкологиялық аурулар да кіреді.

Қырғызстанда 1 қазаннан бастап зейнетақы өсті. Зейнетақы мен сақтандыру жарнасының көлеміне байланысты зейнетақы 7% -дан 18 % -ға дейін көбейген. Зейнетақының сақтандыру бөлігі орта есеппен 10,4%-ға ұлғайған.

Azattyq