Алматыдағы ұшақ апаты: ұшқыштардың аты-жөні белгілі болды
Қысқа сілтеме алу
Әуе апатынан қаза болғандар саны 15 адамға жетті, бортта 93 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі болған
НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Алматы түбінде құлаған ұшақтың экипаж мүшелерінің аты-жөнін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Ұшақ экипажы:
Әуе кемесінің капитаны – Марат Мұратбаев, 1961 жылы 7 наурызда туған. Капитанның куәлігі ATPL № 000179, жарамдылық мерзімі 2024 жылдың 26 сәуіріне дейін.
Екінші ұшқыш – Миржан Молдақұлов, 1965 жылы 4 мамырда туған. Куәлігі ATPL № 000796, 2022 жылдың 6 наурызына дейін күшінде.
Бортсеріктер: М.Валиулина, М.А.Сахов, Р.Д.Османов.
Ұшақ апаты
Қайғылы оқиға бүгін таңғы жетіде Алматы түбінде болды. Алматы әуежайынан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан Fokker 100 ұшағы көп ұзамай Талғар ауданындағы елді мекенге құлады.
Ұшақ бортында 93 жолаушы, 5 экипаж мүшесі болған.
Тағы оқыңыз: Танымал адвокат ұшақ апатынан қалай аман қалғанын айтып берді
Соңғы деректерге сүйенсек, қаза тапқандар саны 15 адамға жетті. 50 адам ауруханаға жатқызылған.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мерт болғандардың жақындарына көңіл айтты. Сонымен қатар, кінәлі тұлғалар қатаң жазаланатынын жеткізді.
sputniknews.kz