Бедеулікті емдеудегі қазіргі репродуктивті технологиялар туралы слайд,презентация
Бедеулікті емдеудегі қазіргі репродуктивті технологиялар туралы слайд,презентация
Бедеулік дегеніміз, бұл — балалы болуға қабілетсіздік, яғни ана болу бақытынан қол үзу. Бедеулігінің себеп-салдары өте көп. Бедеулікті емдемес бұрын оның нақты неден екендігін анықтау қажет. Өйткені кез-келген аурудың жүз пайыз дәл, нақты себебін анықтау — елу пайыз емделгенмен тең. Бедеуліктен емдеудің негізгі әдістеріне әйел мен еркектің қабілеттілігін мүмкін болғанша қайта қалпына келтіру мен ол мүмкін болмаған жағдайда, жасанды жолмен қолдан ұрықтандыру жатады. Қазіргі репродуктивті технологиялардың бір тәсілі — ұрықты құтыда өсіру болса, екіншісі — қолдан ұрықтандырылған эмбрионды басқа әйелдің құрсағына салып беру. Санамызға «суррогат ана» деген ұғымның енгеніне көп бола қойған жоқ. Ал көмекші репродуктивті технологияның тарихына көз жіберсек, елімізде қолдан ұрықтандыру тәжірибесінің енгізілгеніне он бес жылдың жүзі ғана болды. Алғашқы ЭКҰ орталықтары сол кезде пайда болып, баладан күдерін үзген жандардың көкірегінде үміт отын жаққан.