Мемлекет басшысы Қазақстан — Ресей қатынасының даму қарқынына оң баға берді
Қысқа сілтеме алу
Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
НҰР-СҰЛТАН, 24 желтоқсан – Sputnik. Кездесу барысында Қазақстан мен Ресейдің стратегиялық серіктестігінің қазіргі ахуалы және даму перспективалары талқыланды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
©
Официальный сайт Президента РК /
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей Федерациясының Қазақстандағы елшісі Алексей Бородавкинді қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев екіжақты қатынастардың даму қарқынына оң баға беріп, ықпалдастықтың барлық бағыты бойынша, атап айтқанда сауда-экономика, инвестиция, өнеркәсіп және мәдени-гуманитарлық салаларда ілгерілеу байқалатынын атап өтті.
Алексей Бородавкин жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысы, сондай-ақ елшіліктің екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты нығайту бағытында атқарып жатқан қызметі туралы мәлімет берді.
Тағы оқыңыз: Тоқаев 9 айда қанша уақытын жолда өткізді
sputniknews.kz