Футболшыларға ең көп жалақы төлейтін 10 ел
Sporting Intelligence сайты 2018 жылғы сараптамалары бойынша футболшыларға ең көп жалақы төлейтін елдер чемпионаттарының рейтингін жариялады. Бұл тізімде орташа жалақы мөлшері бойынша Ағылшын премьер-лигасы (АПЛ) көш бастап тұр.
Ағылшын премьер-лигасында (АПЛ) ойнайтын футболшы жылына орта есеппен 3,93 миллион доллар алады екен.
Екінші орынға Испания ла лигасы орналасқан. Бұл елде доп тебетін футболшылар жылына шамамен 2,89 миллион доллар жалақы алады.
Үздік үштікті Италияның А Сериясы түйіндеп тұр. Мұнда теңбіл доп шеберлері жылына орта есеппен 1,99 миллион доллар табыс табады.
Футболшыларға ең көп жалақы төлейтін елдер рейтингіне Қазақстан премьер-лигасы да енген. Орташа жалақы көрсеткіші бойынша 25-орынға жайғасқан. ҚПЛ-дағы орташа жалақы мөлшері жылына 148 мың долларды құрайды екен. Теңгеге шаққанда 55 миллион теңге шамасында. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан премьер-лигасы Оңтүстік Корея, Аустралия, Польша және Хорватия чемпионаттарынан жоғары тұр.
Sporting Intelligence нұсқасы бойынша орташа жалақысы ең жоғары 10 ел:
1. АПЛ (Англия) – 3,93 миллион доллар;
2. Ла Лига (Испания) – 2,89;
3. «А» Сериясы (Италия) – 1,99;
4. Бундеслига (Германия) – 1,83;
5. Лига 1 (Франция) – 1,3;
6. Суперлига (Қытай) – 1,05;
7. РПЛ (Ресей) – 877 мың доллар;
8. Суперлига (Түркия) – 864;
9. «А» Сериясы (Бразилия) – 670;
10. МЛС (Канада, 3 клуб) – 519.
…25 Қазақстан премьер-лигасы — 148 мың доллар
Әлемде ең көп жалақы алатын 10 футболшы
Ең көп жалақы төлейтін клубтар көшін «Барселона» футбол клубы бастап тұр. Каталондық команда орта есеппен жылына әр ойыншыға 13,75 миллион доллар төлейді екен. Екінші орында — «Реал». «Корольдік клуб» әр ойыншы үшін орта есеппен жылына 10,64 миллион доллар шығындайды. Үздік үштікті «Оклахома Сити» баскетбол клубы (10,32 млн доллар) түйіндейді.
Sporting Intelligence нұсқасы бойынша орташа жалақысы ең жоғары 10 футбол командасы:
1. «Барселона» (Испания) – 13,75 миллион доллар
2. «Реал» (Испания) – 10,64 млн
3. «Ювентус» (Италия) – 8,85 млн
4. «Манчестер Юнайтед» (Англия) – 8,598 млн
5. «Бавария» (Германия) – 8,35 млн
6. «Атлетико» (Испания) – 8,09 млн
7. ПСЖ (Франция) – 8,03 млн
8. «Манчестер Сити» (Англия) – 7,88 млн
9. «Челси» (Англия) — 6,6 млн
10. «Ливерпуль» (Англия) — 6,3 млн