көркем еңбек сабағы, Пейзаж, Табиғатпен өзара үйлесімділік, Ауа перспективасы
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
5. 1. 1. 1 Қоршаған ортаның ассоциативті мағынасы мен визуалды сипаттамасын зерделеу және анықтау (композиция, түс, пішін, фактура, тепе — теңдік)
5. 2. 1. 1 Өз идеялары мен сезімдерін беру үшін қоршаған ортаның визуалды элементтері мен өнердің көркем тәсілдерін қолдану
Сабақтың мақсаты
Оқушылар суретшілердің жұмыстарымен танысу арқылы өздерінің туған өлкелерін қағаз бетіне түсіре алады. АКТ — ны қолдану арқылы зерттеулер, талдаулар жүргізу.
Жетістік критерийлері 1. Суретшілердің жұмысын біледі.
2. Композициялық заңдылықтарын ұстанады.
3. Қағаз бетіне дұрыс орналастыра алады.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар:
Өзінің шығармашылық шешімдеріне сипаттама жасап, сыни көзқарасты талдап, өз нәтижесін түсіндіре отырып, өзгенің және өзінің жұмысын жетілдіруге конструктивті өзгерту үшін ұсыныстар жасайды
•Өнердің қайта өркендеуі, импрессионизм, экспрессионизм, заманауи өнер, кескіндеме, графика, мүсін, сәулет өнері, пейзаж, натюрморт, дақ, штрих, көлем, форма, кеңістік, түс, сызық.
•Сіздің ойыңызша суретші не үшін… материалдарды қолданады?
•Сіз сипаттап бере аласыз ба?
•Бұл техника сізге не үшін ұнады?
•Суретші жұмысы сізді не үшін қызықтырды
•Өз жұмысыңызды қалай жақсартар едіңіз?
•Басқалардың ойымен пікірін құрметтеу.
•Оқушылар арасында жақсы қарым — қатнас орнату.
•Оқушылар бір — бірін тыңдай біліп, басқалардың жұмыстарына құрметпен қарап, ойын жеткізе білу.
•Оқушыларға мәдени және эстетикалық тәрбиені қалыптастыру.