Тасмағамбетов қызметінен өз еркімен кетті
Қысқа сілтеме алу
Ресейдегі Қазақстан істері бойынша сенімді өкіл қызметін елшіліктің кеңесшісі Нұржан Қажыақбаров атқарады
НҰР-СҰЛТАН, 19 желтоқсан — Sputnik. Иманғали Тасмағамбетовтің неге сыртқы істер министрлігінде жұмыс істейтінін ведомство басшысы Мұхтар Тілеуберді түсіндірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
«Ол зейнет жасына толуына байланысты өз еркімен қызметінен кетті. Менің түсінуімше, сондықтан ол сыртқы істер министрлігі жүйесінде жұмыс істемейді», — дейді министр журналистерге.
Еске сала кетсек, 9 желтоқсан күні Иманғали Тасмағамбетов 63 жасқа толған болатын.
«Мемлекеттік қызмет туралы» заңға сәйкес, президент мемлекеттік қызметшінің жұмыс мерзімін бес жылға дейін ұзарта алады. Алайда бұл жолы олай болмады.
18 желтоқсан күні мемлекет басшысының қаулысымен Иманғали Тасмағамбетов Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі қызметінен босатылды.
Тағы оқыңыз: Мұғалім, премьер, елші: Иманғали Тасмағамбетов туралы не білеміз?
Ол бұл қызметке 2017 жылдың 3 ақпанында тағайындалған. Ресейдегі Қазақстан істері бойынша сенімді өкіл қызметін елшіліктің кеңесші уәкілі Нұржан Қажыақбаров атқарады.
sputniknews.kz