Үй жануарлары. Сиыр балабақшадағы ашық сабақтар
Үй жануарлары. Сиыр
Ералиева Қарлығаш Сайынқызы
М.Әуезов атындағы №2 ОЖББ мектептің мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі
Чапаев ауылы
Ақжайық ауданы
Батыс Қазақстан облысы
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы: Қатынас
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттің түрі: Тіл дамыту.
Тақырыбы: «Үй жануарлары» (презентациясымен)
Мақсаты: 1. Үй жануарлары мен үй құстары туралы және олардың адамға келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру.
2. Үй жануарлары мен үй құстарына деген қамқорлық сезімін ояту және оларға жағдай жасауға үйрету.
3. Еңбекқорлыққа баулу.
Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, көрнекілік , түсіндіру.Орысша мульти топтама
Көрнекілігі: суреттер , слайд,орысша мульти топтама.АКТ жұмыс.
Билингвизм:
Сиыр – корова, бұзау – теленок Түйе — верблюд бота – верблюжонок Қой – овца қозы – ягненок
Жылқы – лошадь құлын – жеребенок Ешкі – коза лақ – козленок Шошқа – свинья торай – поросенок
Іс-әрекет
кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі:
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де.
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан әр күнге.
Балалар шеңберде тұрып, тақпақ айтып шықты.
Ұйымдастырушылық ізденіс кезеңі . Қызығушылықтарын ояту.
— Балалар мен бүгін мектепке келе жатып бір сандық тауып алдым. Ол жай сандық емес, сиқырлы сандық екен. Бұл сандықтың ішіне жануарлар мен құстарды сиқырлап салып қойыпты. Оларды құтқару үшін біз сендермен жұмбақтар шешуіміз керек. Егер жұмбақтардың жауабын дұрыс тапсаңдар,үй жануарлар сандықтан босатады.
(әрбір жауаптағы жануарлардың суретін шығарып тақтаға ілу)
1. Кезікті бір жануар,
Үстінде екі тауы бар.
2. Құлды екен әр шаруа,
қазығына құт байлап.
Қанша құйып алсаң да,
сарқылмайды сүт – қаймақ.
3. Көкке шаншып құйрығын,
келеді шауып жүйрігім.
4. Кішкене ғана бойы бар,
айналдырып киген тоны бар.
5. Желп – желп етіп сақалы,
қолыңнан дәм татады.
Балалар бұлардың барлығын бір сөзбен қалай атаймыз.-Балалар, тыңдаңдаршы, нелердің даусы?
-Дұрыс айтасыңдар, балалар,осы сиыр, қойды үй жануарлары деп атайды.Үй жануарларына сонымен бірге жылқы, түйе, ешкі және ит пен мысық жатады.Мысық-ол үйде тұрады.Ал, ит үйдің сыртында,үйшікте тұрады.Ол үйді күзетеді.Ит-жеті қазынаның бірі.
-Балалар,сендерді ата-әжелерің қандай сөздермен еркелетеді?
— Сендерді ата-әжелерің жақсы көріп,сүйкімді жануарлардың аттарымен еркелетеді екен,қандай тамаша!
Тәрбиеші: Балалар, осы сүйкімді жануарлар төрт түлікке жатады. Олар:түйе,жылқы, сиыр,қой,ешкі.Түйенің баласы-бота, сиырдың баласы-бұзау, қойдың баласы-қозы,ешкінің баласы-лақ,жылқының баласы-құлыншақ. Халқымыздың байлығы да, берекесі де осы малдар.
«Ғажайыпстанға саяхат» мульти топтамасынан үзінді көрейік.
Үзінді не туралы екен?
Олар қайда мекендейді?
Оларды кімдер күтіп, баптайды?
Олар немен қоректенеді?
Оларды неге үй жануарлары дейді?
Сөзік жұмыс.
Сиыр – корова бұзау — теленок
Түйе — верблюд бота — верблюжонок
Қой – овца қозы — ягненок
Жылқы – лошадь құлын — жеребенок
Ешкі – коза лақ — козленок
Шошқа – свинья торай – поросенок
Балалар, жануарлар сендерге көмектескендерің үшін рахмет айтып жатыр. Енді біз «Айнытпай сал» ойынын ойнап жіберейік.
«ОЙЫН ОЙНАТУ».
Олай – былай жүгіріп,
ала мысық ойнайды.
Аша алмаса есікті,
дыбыстайды ол қалай.
Күзетші күшік – саққұлақ,
Үй күзетіп шапқылап.
Дыбыс шықса қаттырақ,
Қалай, қалай үреді.
Өте жақсы, балалар.
Сергіту сәті. « Қойлар» (Музыкамен).
Сонымен балалар үй жанарларына нелер жатады?
Өте жақсы балалар.
Енді үй жануарларының бізге тигізер пайдасы қандай екеніне тоқталып кетейік. Адамға пайдасы өте көп.Сүтін ішеміз,етін жейміз, киім қыламыз. Сиырдың,қойдың, сүтінен май,құрт,айран, ірімшік жасайды. Адамдар да оларға қамқорлық көрсетеді. Бағады,шөп,жем, су береді, сауады,көптеген күтім жасайды. Үй жануарлары өздері күн көре алмайды. Ата бабамыздан келе жатқан қасиетті жануарларды өте жақсы көрген,күтіп,қасиеттеп қараған.
Енді балалар дәптеріміздегі тапсырманы орындайық.
(дәптерде бейнеленген жануарлардың ішінен үй жануарларын тапқызу. Оларды бояту).
«ТӨЛДЕРІН ТАП» дидактикалық ойын.
Балалар үй жануарларының бізге тигізер пайдасы өте көп екен. Енді балалар осы үй жануарларына тыйым сөздер де бар.
1. Малды ұруға болмайды.
2. Ақты төкпе.
3. Малға теріс мінбе.
4. Құстардың ұясын бұзба. Оларды үркітпе.
5. Кендірмен байлама,
Жыңғылмен айдама.
Кендірмен байласаң,
Жыңғылмен айдасаң,
Мал бітер деп ойлама. — деген сияқты тыйым сөздерді ойымыздан шығармауымыз керек.
(түйе)
(сиыр)
(жылқы)
(қой)
(ешкі)
«Үй жануарлары.»
Ботақаным,қозым,құлыным, еркем, кішкентай лағым, қошақаным.
Балалар барі тамашалап қарайды
Үй жануарлары жайлы
Үйде, қорада.
Адамдар.
Жем, шөп, су
Себебі (Үйде бағылады.)
Мияу-мияу-мияу
Оуп-оуп-оуп
Балалар қимылдармен орындайды.
Сиыр, түйе, жылқы, қой, ешкі
(дәптерде бейнеленген жануарлардың ішінен үй жануарларын тапқызу. Оларды бояту).
«Төлдерін тап» ойынын балалар табады.
Іс-әрекеттің бағалау кезеңі Еліміз аман болсын!
Аспанымыз ашық болсын!
Деніміз сау болсын!
Ата — анамыз қасымызда болсын!
Қой жылы бақыт әкелсін!
Төрт түлігіміз түгел болсын!
Ақ мол болсын!
Бәріміз дос болайық!
Бәріміз бақытты болайық!
Қорытынды.
Жақсы, балалар.
-Сонымен бүгінгі сабағымызда не туралы айттық.
-Үй жануарларын атайықшы.
-Үй жануарларының пайдасы барма.
Балалар, бүгінгі сабаққа жақсы қатысқан балаларға сыйлығымыз бар. Сабақты қорыта келе сендерге айтарым, үй жануарлары үнемі қамқор болуымыз керек.
Олар үнемі бізден қамқорлық күтеді.
Осымен сабағымыз аяқталды. Сау болыңыздыр!
-Үй жануарлары туралы.
-Сиыр, жылқы, түйе,қой ,ешкі, және мысық, ит.
-Бар.
Сау болыңыз!
Күтілетін нәтиже:
Білім: Үй жануарларының атауын, төлдерін, қалай дыбыстайтынын.
Білік: Өзіңе тән қасиеттері туралы пікірлерін айтуға,еркін ойларын жеткізуге үйренеді.
Дағды: Сиыр суретін бояп, эстетикалық талғамын танытты.
Рахмет ретінде астында тұрған жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!