Еуропа одағы Ресеймен тең құқықтық қатынасқа дайын емес

0

Әлемде

Қысқа сілтеме алу

2 0 0

Ресейлік министрдің айтуынша, Брюссель Еуропаны «нағыз» және қалғаны деп жасанды түрде бөлуге тырысып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан – Sputnik. Ресей мен Еуропа одағы маңызды сауда-экономикалық әріптес әрі ірі көршілер саналады. Олар Еуразияның осы бөлігінде бейбітшілік, өркендеу мен қауіпсіздік үшін ортақ жауапкершілікті өздігінше мойнына алуға қабілетті. Дегенмен Еуроодақ тең құқықтық қатынасқа дайын емес, деп мәлімдеді Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров «Российская газета» басылымында жарияланған «Соседи по Европе» атты өз мақаласында.

Тағы оқыңыз: Еуропа банктері бірыңғай қаржы жүйесіне көшуді жоспарлап отыр

Министрдің айтуынша, Брюссель Еуропаны «нағыз» және қалғаны деп жасанды түрде бөлуге тырысып жатыр.

«Брюссель сөздік қорында «Еуропа» термині «Еуропа одағының» синониміне айналған. Бұл «нағыз» Еуропа бар, ол – Еуропа одағының мүшелері, ал құрлықтың барлық қалған елдеріне «еуропалықтардың жоғарғы атағына» лайық болу керек дегендей болып отыр. Осылайша, құрлықты тағы да жасанды түрде бөлуге тырысып, географияны да, тарихты да бұрмалап отыр», — деп жазды Лавров.

Ол бұндай жол теріс екенін және еуроықпалдастық жобаның өзіне де пайда тигізбейтініне сенімді. Сыртқы істер министрлігі басшысының мәліметінше, Ресей географиялық, тарихи, экономикалық және мәдени жағынан Еуропаның ажырамас бөлігі болды, қазір де солай, болашақта да солай болмақ.

«Өзіміз мақтан тұтатын өз ерекшелігімізге иеміз әрі біз – еуропалық өркениетті кеңістік бөлігіміз. Ресей ғасырлар бойы оның Тынық мұхитына дейін кеңеюіне өз үлесін қосты», — деген Лавровтың сөзін Sputnik радиосы келтірді.

Оның пікірінше, Еуропа одағында кезекті институционалдық циклдің басталуы Ресеймен қатынаста «жаңа бастама» үшін мүмкіндік ашады.

«Бұл кем дегенде, жоғары қарқынмен өзгеріп жатқан әлемде біздің бір-бірімізге кім екенімізді жақсылап ойлануға итермелейді», — деген пікірде министр.

Оның айтуынша, Мәскеу Еуропа одағымен өзара тиімді, тең құқықтық әрі прагматикалық ынтымақтастық үшін ашық. Бұған қоса, одақтастары мен Еуразиядағы барлық басқа әріптестерінің мүдделерін де ұмытпайды.

«Осылайша ғана бүкіл Еуразия құрлығы елдері мен халықтарының мүдделеріне, үміттеріне жауап беретін ұзақ мерзімді қатынастардың өміршең моделін жасауға болады», — деп түйіндеді Лавров.



sputniknews.kz