Алматы, Түркістан, Тараз, Маңғыстау, Шымкент, Нұр-Сұлтан
Қазгидромет көптеген өңірде тұман, көктайғақ болып, желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін күшейетінін хабарлады
НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан — Sputnik. Ауа райының бұзылуына байланысты Қызылорда, Ақмола, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен астанада дабылды ескерту жарияланды.
Елдің басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Батыс, солтүстік-батыс пен солтүстікте күн суытады.
Ірі қалалардағы ауа райы
- Мереке күні елордада күн ашық, күндіз -13…-15, түнде -19…-20 градус.
- 16 желтоқсанда Алматы қаласында жауын-шашынсыз, күндіз -2…-4, түнде -8…-10 градус.
- Шымкентте де күн ашық, күндіз +2…+4, түнде -8…-10 градус.
Өңірлердегі ауа райы
Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында боран, тұман, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Павлодар, Қарағанды облыстарында тұман, бұрқасын, көктайғақ болады. Павлодар облысында түнде желдің жылдамдығы – 18 м/с.
Ақмола облысында көктайғақ, боран, түнде жел күшейеді, жылдамдығы – 15-20 м/с.
Алматы, Қызылорда облыстарында тұман, көктайғақ болады.
Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі.
sputniknews.kz