Шығарма: 16 желтоқсан — Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздікке 28 жыл) » ZHARAR

0

Шығарма: 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздікке 28 жыл) казакша Шығарма: 16 желтоқсан - Тәуелсіздік күні (Тәуелсіздікке 28 жыл) на казахском языке

Ел қауіпсіздігі – Тәуелсіздік кепілі
« Отан үшін отқа түс, күймейсің»

Қай мемлекет болмасын өз жерін кез-келген қол сұғушылықтан қорғауға қабілетті болғанда ғана тәуелсіз бола алады. Сол себепті Тәуелсіздік жариялаған сәттен бастап мемлекет шешкен аса маңызды міндеттердің ішінде ұлттық қауіпсіздік, қазіргі заманғы арнайы жасақталған және ұрысқа қабілетті армия құру проблемалары – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысының кезек күттірмейтін ісі болды. Елбасының тікелей басшылығымен сол кезде қалыптасқан ахуалға байланысты Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің, аумақтық тұтастығының күзетінде болуға арналған армия құруға барлық жағдайлар жасалды.
« Қазақстан Республикасы тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын қорғау мақсатында өзінің Қарулы Күштерін құруға хақылы » деп айқындаған Қазақстан Республикасының тәуелсіздігі туралы Конституциялық Заңы, егемен Қазақстан үшін бұл міндетті шешудегі ең алғашқы қадам болып табылды.
1992 жылы 7 мамырда Елбасының Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері құрылды. 1992 – 1998 жылдарда біз Қарулы Күштерді қайта құрдық, ал 1999 жылдан бастап оның түбегейлі реформалаудан бастадық. Сол бастапқы кезеңдердегі өзекті мәселелердің бірі Қарулы Күштердегі ұлттық кадрлардың жетіспеушілігі болды. Өйткені 1992 жылы Қазақстанда жалғыз әскери оқу орны – Алматы жоғары әскери командалық училищесі ғана болды. Сондықтан да қорғаныс министрлігіне ұлттық кадрлар даярлау жүйесін құру міндеті жүктелді.
Бүгінгі таңда бұл міндет табысты жүзеге асырылды деп айтуға болады. Қазір елімізде бірнеше әскери оқу орындары офицерлер, кәсіпқой сержанттар даярлауда. Елбасы Жолдауында атап өтілгендей, біздің негізгі мақсатымыз әлемдік стандартқа сай, білімді, шет ел тілдерін еркін меңгерген, әскери және техникалық даярлықтың шеберлері болып табылатын мамандар даярлау, бір сөзбен айтқанда әскери элитаны қалыптастыру болып табылды. Жоғары әскери оқу орнында болған бір кездесуінде Жоғарғы Бас қолбасшы офицерлер корпусына жоғары баға берді. Ол: « Офицер армияның абыройы, ол жай ғана мемелекеттік қызметші емес, ол көптеген адамдардың тағдыры сеніп тапсырылатын мемлекет адамы, … Офицер – армияның тұрақты мәні, орталық тұлғасы, әскердің миы, ұрыстың ұйымдастырушысы және жеңістің жасампазы » деген болатын.
Осылай, 20 жылдан астам уақытта еліміздің қорғаныс күші қалыптасып, оның дайындығы өскелең талап үрдісінен шығуда деп толық айта аламыз. Ол елімізді сыртқы күштердің қол сұғуынан, түрлі лаңкестік әрекеттерден қорғай алатын дәрежеге жетті. Бұған Конституция күні қарсаңында өткен Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінің әскери шеруі айқын дәлел бола алады.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері ұрысқа қабілетті, қазіргі заманғы техникамен және қару – жарақпен жарақталған, қуаты мен ұтқырлығы жоғары, ел қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді шеше алатын жоғары технологиялы, кәсіби әскер болды.
Отанды қорғау мемлекеттің маңызды міндеті болғандықтан Отан қорғаушылар қатарын толықтырып отыру жүйелі түрде жүргізілуі тиіс. Бұл істе алғашқы буын болып саналатын орта мектептердегі алғашқы әскери дайындық пәнін оқытудың ролі зор. Пәнді оқытудағы негізгі мақсат жас жеткіншектерді Қазақстандық патриотизмге, Қарулы Күштерге деген сүйіспеншілікке, әскери борышты мүлтіксіз орындауға әзірлік рухында тәрбиелеуге бағытталады.
Алғашқы әскери дайындық пәнін оқытудағы іс — тәжірибемде елжандылық тәрбие терең қамтылады. Оқу бағдарламасына күш-қуат дайындығы мен елжандылыққа тәрбиелеу жұмыстары енгізілген. Осы бағытта бастауыш сыныптар арасында дәстүрлі жанұялық көпсайыс, ал орта 5-9 сыныптар арасында « ӨЖЕТ» әскери – спорттық ойынын өткізу жолға қойылып, 10-11 сынып оқушылары бір күндік әскери серуенде алған теориялық білімдерін далалық жағдайда орындап бекітеді де сынақ тапсырады. Жалпы мектеп қабырғасындағы барлық оқушыларға әскери патриоттық тәрбие берудегі жұмысымның негізгі мақсатын төмендегідей ұстанамын.
• « Бірлесе көтерген жүк жеңіл» — дегендей оқушыларды ұжым, сынып болып іс – қимыл жасауға үйрету:
• Жоғарғы сынып оқушыларының жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал ете отырып, елжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу:
• Оқушылардың ептілік, шапшаңдық, төзімділік қасиеттерін дамытып, тез әрі оңтайлы шешім таба білуге дағдыландыру:
• Аудандық сайыстарға команда құрау, іріктеу жүргізу:
Жалпы алғанда, жоғарғы сынып оқушыларын, яғни шақырылуға дейінгі жастарды саяси – моральдік тұрғыдан даярлап, олардың дене дайындығына көп көңіл бөлемін. Денесін еркін меңгеруге даярлауға белтемірге тартылу , гимнастикалық снарядтарда жаттығу арқылы қол жеткізуге болады. Сонымен қатар сабақтан тыс уақыттарда қол күресінен, кір тасын көтеруден, граната лақтырудан және кедергілер жолында жүгіруден сайыстар өткізіп тұру жасөспірімдердің дене бітімінің қалыптасуына зор ықпал етеді.
Патриоттық тәрбие – Тәуелсіз еліміздің келешегін баянды ететін, оның қалыптасу, өркендеу жолында елдің әрбір азаматының қосар үлесімен өлшенетін ұғым, адамдық қасиет.
Сондықтан, еліміздің Қарулы Күштерін тек бейбіт мақсаттағы әскери шерулерден көрейік, ағайын!

Дайындаған : алғашқы әскери дайындық пәнін оқытушы – ұйымдастырушы
Сабиев Нұрлыбек Рахманбекұлы
Ақмола облысы Целиноград ауданы Жаңа Жайнақ ауылы №49 орта мектебі


Полную версию материала можете скачать на сайте zharar.com через секунд !!!


Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!

Дереккөз: zharar.com