Ямайкалық бойжеткен «Әлем аруы 2019» атанды
Қысқа сілтеме алу
Халықаралық байқауда Қазақстан намысын 20 жастағы павлодарлық Мәдина Батық қорғаған еді. Дегенмен ол қандай да бір сыйлыққа ие бола алмады
НҰР-СҰЛТАН, 15 желтоқсан – Sputnik. Лондонда «Әлем аруы 2019» сұлулық байқауының жеңімпазы анықталды. Конкурста 23 жастағы ямайкалық Тони-Энн Сингх жеңіске жетті.
Тони-Энн Сингх — байқауда жеңіске жеткен екінші ямайкалық. Оның отандасы алғаш рет бұл титулға 1993 жылы қол жеткізген еді.
Жеңімпазға тәжді 2018 жылғы әлем аруы, модель Ванесса Понсе де Леон тақты.
Бірінші вице-мисс француз аруы Офели Мезино болса, екінші вице-мисс үндістандық Суман Рао атанды.
Халықаралық сұлулық конкурсына Қазақстан атынан 20 жастағы Мәдина Батық қатысты. Ол «Қазақстан аруы» титулын биыл мамырда жыл сайынғы ұлттық сұлулық байқауында иеленген болатын.
Отандасымыз халықаралық конкурста Топ-40 қатарына кіре алмады.
«Әлем аруы» сұлулық байқауы 1951 жылдан бастап өткізіліп келеді.
Бұған қоса, осы аптаның басында «Дүниежүзі аруы 2019» конкурсында Оңтүстік Африка Республикасының өкілі, 26 жастағы Зозибини Тунци жеңіске жеткені белгілі болды.
sputniknews.kz