Уранның екінші партиясы Қазақстанға жеткізілді — Қазақстан жаңалықтары
10 желтоқсан күні Қазақстанға уранның аз байытылған партиясы жеткізілді. Ол Өскеменде орналасқан ядролық жағармай қорында сақталатын болады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия 1 арнасына сілтеме жасап.
Бұл жағдайға байланысты ел арасында қызу пікірталас туындаған болатын. Халық радиациялық ресурстың қаупінен қоқып, тасымалдау мен сақтау кімнің қадағалауында екендігін сөз еткен еді.
Бірнеше арнайы қондырғылар мен темір тормен қорғалған қойма Өскеменде ғана емес, бүкіл мемлекет бойынша ең мықты қорғалған аумаққа айналды. Бұл қоймада 90 тонна аз байытылған уран қоры сақталатын болады. Шикізат цистерналармен жеткізілуде. Радиациялық отын 60 шақты осындай 60 цистернаға орналастырылады.
«Цилиндрлер бірнеше сатылы тексерістен өткен болатын. Оларды 20 метрлік биіктіктен лақтырып, отқа да, суға да салынды. Жалпы цистерналар халықаралық стандарттарға сай және оның радиациялық қалдықтарды шығармайтынына күмен келтірмеуге болады», — деді ҚР-ның энергетика министрлігінің атомдық және энергетикалық ресурстарды қадағалау комитетінің басшы орынбасары Ғұмар Серғазин.
Дегенмен атом қуаты халықаралық агенттігінің өкілдері өздерінің қорқыныштарын жасырмады. Мамандар халықтың айтып жатқаны ақылға қонымды, сол себепті оны елемеуге болмайтындығын жеткізді. Егер қауіп болмаса, олар бұл жаққа келмейтін де едік деді сарапшылар.
Министрліктегілердің айтуынша, ядролық жағармайдың шығарылуы — халықаралық қауіпсіздіктің негізігі белгісі. Себебі 170 мемлекеттің арасында уранның аз байытылған қоры тек Қазақстанда ғана сақталады екен. Қорда сақталған ресурстың көлемімен бір ядролық реакторды іске қосуға болатын көрінеді. Сондықтан бұл жағдайды атом қуаты халықаралық агенттігі өз қадағалауына алыпты.
Қойманың есігі уранның көрсетілген көлемі жеткізілгеннен кейін мықтап жабылады. Ол басқа мемлекеттің сұранысына байланысты атом қуаты халықаралық агенттігінің рұқсатынан кейін бір-ақ ашылады.
stan.kz