Парижде ЭЫДҰ Еуразия апталығының отырысы өтті

0
26 Қараша 2018, 22:54 89 0

Астана, BAQ.KZ. Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовтың басшылығымен қазақстандық делегация Еуразиялық бәсекеге қабілеттілік бағдарламасының (ЕБҚБ) 10 жылдығына арналған Экономикалык ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) Еуразия апталығының мерейтойлық отырысына қатысты. Іс-шараға ЭЫДҰ-ға мүше 37 елдің вице-премьерлері, министрлері, елшілері қатысты.

ЭЫДҰ-2018 Еуразия апталығына қатысу ерекше маңызды болды. Баршаға мәлім, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты халқына Жолдауында еліміздің ұзақ мерзімді мақсаты әлемнің 30 дамыған елдің қатарына енудің маңыздылығын атап өтті, бұл өз кезегінде, ЭЫДҰ-мен ынтымақтастықты маңыздылығын арттырады және «отыздықты» бейнелейді.

Ұйымның Бас хатшысы Анхель Гурриа өзінің сөз сөйлеуінде соңғы 16 жыл ішінде Орталық Азия елдеріндегі экономиканың әсерлі өсуі мен кедейліктің айқын төмендеуін атап өтті. Қазақстанның өңірдегі позитивтік трендтердің драйвері ретінде рөлі жеке аталып өтілді.

Министр Т. Сүлейменов «Қазақстан 2050» стратегиялық бағдарламасы шеңберіндегі дамудың басымдылықтарымен таныстырып, оның мақсаты мен міндеттері көбінесе ЭЫДҰ стандарттары және критерилерімен сәйкестігін атап өтті. Көпшілік үшін Қазақстанда цифровизация, сыбайлас жемқорлықпен күресу және елдің транспорттық орамдылығы сияқты салаларда қолданылып жатқан шаралар ерекше қызығушылық тудырды.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Мадина Әбілқасымова елімізде гендерлік теңдік көрсеткіштерін нығайту мен кәсіби стандарттарды енгізу арқылы кадрладың біліктілігін арттыру бағытындағы жетістіктермен таныстырды. Ауылшаруашылығы вице-министрі Гульмира Исаева Қазақстанда ауылшаруашылығы кооперативтеріне қолдау көрсету туралы ақпараттандырды.

Министр Т. Сүлейменовтің А. Гурриямен келіссөздері маңызды болып табылды. Ұйымның Басшысы «Қазақстанмен аса нәтижелі ынтымақтастықты» атап өтіп, еліміздің ЭЫДҰ және оның құрылымдық бөлімшелерімен тығыз өзара әрекеттесу ниетін қолдады. Ұйым шеңберінде Қазақстанның жаһандық диалогқа тарту бойынша нақты іс-шаралары анықталды.

ЭЫДҰ жанындағы АҚШ-тың Тұрақты өкілі Э. Хавлиландпен кездесу барысында Қазақстанның Ұйымның құрылымдық бөлімшелерімен ынтымақтастық мәселелері талқыланды. АҚШ Ұйымды құрылушылардың бірі екендігін атап өткен жөн.

Сондай-ақ, Қазақстан делегациясы басшысының Мемлекеттік басқару мәселелері жөніндегі Комитетінің Жетекешісі М. Бонтуримен, ЭЫДҰ бас экономисті Л. Бун, ЭЫДҰ жанындағы Францияның Тұрақты Өкілі К. Колонна, сонымен қатар ЭЫДҰ Форсайт, қамту және саяси реформалар бөлімінің басшысы А. Фернандес және Сауда және ауылшаруашылығы Комитеті директорының орынбасары К. Хейлмен кездесулері өтті. Бұл кездесулер барысында Қазақстанның тиісті бағыттары бойынша ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Бағдарлама шеңберінде аса маңызды оқиғалардың бірі Ұлттық экономика министрі Т. Сүлейменов пен ЭЫДҰ Бас хатшысы
А. Гуррияның 2019-2022 жылдарға арналған Қазақстан мен ЭЫДҰ арасындағы Өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою рәсімі болды. Сонымен қатар, ЭЫДҰ-мен «Қазақстан Республикасы үшін көрсетілетін қызметтер саудасының шектеулік индексін есептеу» жобасын жүзеге асыру бойынша келісімге қол қойылды.

Қазақстан делегациясының ЭЫДҰ Еуразия апталығына қатысуы және оның шеңберінде өткен кездесулер бұл дамыған елдер «клубымен» ынтымақтастықтың жандандыруына әсерін тигізіп, біздің еліміздің даму көрсеткіштерін Ұйым мүшелерінің деңгейіне дейін жеткізуге бағытталған күш-жігерін қолдайды.

Іс-шара барысында қазақстандық-француздық экономикалық ынтымақтастық мәселелері кірді. Сыртқы істер министрлігі Сыртқы экономикалық саясат департаментінің Директоры Олжас Исабеков Еуропа және Сыртқы істер министрлігі Континенттік Еуропа директоратының экономикалық дипломатия жөніндегі миссиясының жетекшісі К. Рэймен және Францияның Экономика және қаржы министрлігі Түркия, Балқан, ТМД және Таяу Шығыс елдері басқарамасының жетекшісі Р. Вененцпен кездесті. Қазақстан және Франция көшбасшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Эмманюэль Макронның 2018 жылғы 18 қазанда Брюссельде өткен бірінші кездесудің нәтижесінде қол жеткізілген уағдаластықтарды, атап айтқанда ауыл шаруашылық, цифровизация, баламалы энергетика сияқты салалардағы жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Бұл тұрғыда қазақстандық дипломаттың Францияның іскерлік қоғамдастығымен кездесулері нәтижелі болды. «Bureau Veritas» компаниясының Вице-президенті, «MEDEF» Франция кәсіпкерлері қауымдастығының цифровизация жөніндегі Жұмыс тобының жетекшісі О. Моромен Қазақстанда цифровизация саласындағы жобалар талқыланды. Француз ауыл шаруашылығы қауымдастықтарынң басшылығымен қазақстандык агроөнеркәсіп кешеніндегі ықтимал болатын ынтымақтастық және француз аграрилерінің біздің елімізге 2018 жылғы 26-28 қарашадағы іс-сапарын дайындау мәселелері талқыланды.

Жалпы, Францияның мемлекеттік және іскерлік тобының өкілдері қазақстандық-француздық стратегиялық әріптестіктің бірінші онжылдығының нәтижелеріне ризалық білдірді. Қазақстанның Франциядағы Елшісі Жан Галиев атап өткендей, екі елдің арасындағы ынтымақтастықтың жаға кезеңінің басталуы француз көшбасшының 2019 жылы Қазақстанға жоспарланған іс-сапары болмақ.


















Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!


Дереккөз: BAQ.KZ