Шұлықтан ойыншықтарға дейін: Жұлдызды жұп Қыдырәлі мен Қарақат қандай бизнеске иелік етеді? — Қазақстан жаңалықтары

0

Қарақат пен Қыдырәлі әнші ретінде сахнада жарасқан жұп ретінде халықтың ықыласына бөленген әншілер. Қыдырәлі Болманов  кезінде дүркіреп тұрған «АБК» тобының негізін қалап, продюсерлігімен де кеңінен танылды. Болмановтар отбасы — тек қана онымен шектеліп қоймай, бір емес, бірнеше кәсіптің басын дөңгелетіп отырған нағыз кәсіпкерлер. Stan.kz тілішісі Болмановтарға пайда әкеліп отырған бизнесін тізіп көрді. 

Қарақат қыдырәлі

Ең әуелі, әнші ретінде той, концертден түсетін пайданы бір есептеңіз. Бұдан бөлек Қыдырәлінің «Қарақат» пен «Ұлытау» жобасына продюсерлігін қосыңыз. «Ұлытау» тобы кезінде отандық шоу-бизнесті былай қойғанда шет ел аралап, талай концерт беріп, сұранысқа ие болған топтардың бірегейі. Елімізде тұңғыш рет этно-рок бағытын қалыптастырған өнерпаздар.

Сондай-ақ «Қарақат өнер мектебінің» елімізде 8 облысында бөлімдері бар. Олар: Алматы, Астана, Шымкент, Қарағанды, Сарыағаш, Ақтөбе, Ақтау, Атырау қалаларында жұмыс істейді. 

Қарақат қыдырәлі

«Балбала» ұлттық өнім брендімен шығатын қазақы қуыршақтар дүкендер желісі қызмет етіп тұр. Жылына 25-30 мың қуыршақ өндіріліетін бренд бағасы да қолжетемді. Қарапайым қуыршақтар бағасы 2500-8000 басталып жоғарылап кете береді. 

Ең қымбаты «Қарақат» брендімен шығатын қуыршақтар. Басынан аяғына дейін қолмен жасалатын бұл туынды қуыршақ дегенге қарағанда, кәдесый ретінде сыйлауға арнайылап жасалған. Мақпал матадан тігіліп, әшекейлері таза күміспен көмкерілген қуыршақ қыз Қарақат Әбілдинаның даусымен сызылытып ән салады. Бағасы да аса жоғары — 90 000 теңге. 

Қарақат қыдырәлі

«БалБала» ұлттық өнім брендімен шұлықтар өнідіретін фабрика ашылып, сатылымға шығып жатыр. Ал қазақша сөйлеп, ән айтатын қуыршақтарды ірі дүкендер желісі мен әуежайлардан сатып ала аласыздар. 

Қарақат қыз ұзатса, Қыдырәлінің тұсау кесетіні бар. Той-бизнеске де өз үлестерін аямай қосып жүр. Тойбастар, тұсаукесерге қатысып қана қоймай,  салт-жоралғысы орындалатын тойлар үшін арнайы құрал-жабдықтар мен ойыншықтарды сататын, жалға беретін қызмет желісі бар.

Қарақат қыдырәлі

Сонымен қатар жұлдызды жұптың меншігінде «Мырза» және «Ханым» атты ерлер мен әйелдерге арналған киім дүкендер желісі бар. Отағасының Инстаграм желісінде 1 млн-нан астам, ал Қарақаттың 3,3 млн оқырманы бар екенін ескерсек, жарнама жасап та пайда түсіп тұрғаны анық.

Естеріңізге сала кетсек, биыл Қыдырәлі Болманов Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлованың кеңесшісі болып лауазымды қызметке тағайындалды. 

 

stan.kz