Президент 2020 жылдың жалақы мен зейнетақының минималды мөлшерлемесін бекітті
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020-2022 жылдарға арналған республикалық бюджетке қол қойды. Аталған құжатта жалақының минималды мөлшерлемесі мен АЕК көлемі көрсетілген.
1 қаңтардан бастап минималды жалақы мөлшерлемесі өзгермейтін көрінеді: ең аз айлық еңбекақы 42 500 теңгені құрапты. Ал бастапқы зейнетақы көлемі 16 839 теңгеге өсіпті. Яғни, минималды зейнетақы мөлшерлемесі 38 636 теңгені, АЕК — 2651 теңгені құрайтын болатын. Бұған қоса күнкөріс минимумы 31 183 теңгеге кқтерілетіндігі айтылды.
Бұған дейін мемлекет басшысы 2020 – 2022 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының бірнеше заңдарына қол қойғандығы айтылған еді. Бұл заңнамаларда Қазақстан президентінің қоғамдық жұмыскерлер, ұстаздар және мәдениет қайраткерлерінің жалақысын көтеру және т.б. нұсқаулықтары көрсетілген.
stan.kz