Тоқаев неге олай деді? Қырым үшін Украина Қазақстанға ренжулі
Украина СІМ Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырым туралы мәлімдемесі үшін дипломатиялық демарш жариялауға ниетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Ол туралы ведомствоның ресми Фейсбук парақшасындағы хабарламада белгілі болды.
Хабарламада айтылғандай, Украина 1994 жылдан бері келе жатқан екі жақты Достық және әріптесік туралы келісімді негізге ала отырып, Қазақстанды әрқашан өз партнеры әрі досы деп таныған. Алайда, Украина министрлігі Тоқаевтың соңғы мәлімдемесі құжатта көрсетілген территориялық тұтастықты сақтау мен егемендікті сыйлау принциптеріне қарсы екенін алға тартты.
Сонымен қатар, «ең өкінішті тұсы» Қазақстан президентінің бұл мәлімдемесі екі ел де мүшелік ететін ЕҚЫҰ саммитінің алдында болып отыр.
Украинаның шамына тиген Тоқаевтың сөзі Deutsche Welle неміс басылымына берген сұхбатында кездеседі. Саясаткердің айтуынша, Қырым ситуациясын аннексия деп тану қиын. Одан бөлек, Украинадағы жағдай Қазақстан үкіметінің үрейін ұшырған жоқ.
2014 жылы наурызда референдум нәтижесі бойынша Қырым Ресей құрамына енген болатын. Украина, АҚШ және Еуроодақ дауыс беру нәтижелерін мойындаған жоқ, территторияны басып алынған аумақ деп таныды.
stan.kz