спортшы жұмысынан айырылды – фото
Қысқа сілтеме алу
Үйленген соң хоккейші түнгі клубтарға жиі баратын болған. Бұл жағдай команда басшылығының көңілінен шықпады
НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан — Sputnik. Ресейдің Омбы қаласындағы «Авангардтың» хоккей клубының басшысы Максим Сушинский спортшы Никита Щербакпен келісім шарт үзілгенін айтты. Бұған хоккейшінің тым сұлу әйелі себеп болған.
«Радио-Сибирь» эфирінде Сушинский канадалық модельдің ресейлік шабуылшыға жағымсыз әсер ететінін айтқан. Хоккейшінің әйелі көңіл көтеретін орындарға жиі барады екен.
«Мұндай проблема болды. Оның әйелі өте әдемі, ал Мәскеуде мейрамхана мен түнгі клубтар жетерлік», — деді «Авангард» президенті.
Сушинский Щербакқа тағы бір мүмкіндік беруге дайын екенін жеткізді. Егер хоккейші спортқа көңіл бөлемін деп шешсе, клуб қабылдауға әзір.
Никита Щербак өзінің болашақ жарымен Канадада танысқан. Ол «Монреаль Канадиес» клубында өнер көрсеткен болатын. Жұп 2019 жылы жазда отбасын құрды.
sputniknews.kz