Алматы, Нұр-Сұлтан, Түркістан, Тараз, Шымкент, Маңғыстау
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында тұман, көктайғақ, Ақтөбе облысында бұрқасын болады
НҰР-СҰЛТАН, 1 желтоқсан — Sputnik. Елге келетін циклон әсерінен өңірлерде жауын-шашын болады. Тек солтүстік пен шығыста жауын-шашынсыз.
Елдің басым бөлігінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.
Өңірлердегі ауа райы
Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан өңірлерінде және түнде, таңертең Ақмола облысында тұман болады. Қарағанды облысында күндіз – көктайғақ, Шығыс Қазақстанда желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Қостанай облысында тұман болады. Таңертең және күндіз көктайғақ, бұрқасын болады. Желдің екпіні – 18 м/с.
Түркістан, Алматы облыстарында тұман, Түркістан облысында тұман болады. Алматы облысында Алакөл маңында жел күшейіп, секундына 15-22 метрге жетеді.
Тағы оқыңыз: Синоптиктер қазақстандықтарды қандай қыс күтіп тұрғанын айтты
Жамбыл, Қызылорда облыстарында тұман, көктайғақ. Желдің екпіні – секундына 15-20 метр.
Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақсатн, Ақтөбе облыстарында – тұман, көктайғақ. Ақтөбе облысында – бұрқасын, Маңғыстау облысында күндіз жел күшейеді.
Ірі қалалардағы ауа райы
Елордада дүйсенбі күні жауын-шашын болмайды. Күндіз -3, -5 , ал түнде -13, -15.
Алматыда күндіз сынап бағанасы +3+5 градусқа дейін көтеріледі. Түнде — 5-7.
Шымкентте, 2 желтоқсан күні жаңбыр боалды. Күндіз +11+13, түнде +1+3 градус.
sputniknews.kz