Өлең: Қадыр Мырза Али (Сый) » ZHARAR
Құрап бүгін бастарын,
Келіп еді достарым.
Жинап алып ұл-қызды,
Кірпіштен үй тұрғыздық.
Жалған емес,
Бұл анық:
Қабырғасын сыладық.
Терезеге, есікке
Қалдырып ек тесік те.
Алайда оған сыймадық,
Ақ күшікке сыйладық
Рахмет ретінде жарнамалардың біреуін басуды сұраймын!
Дереккөз: zharar.com