Емельяненко бокс ережесімен Ресейдің ең мықты адамын нокаутқа түсірді – видео
Қысқа сілтеме алу
Мәскеудегі бокс кешінің басты жекпе-жегі нокаутпен аяқталды. Супер ауыр салмақтағы Емельяненко қарсыласынан басым түсті
НҰР-СҰЛТАН, 30 қараша – Sputnik. Ресейлік аралас жекпе-жек шебері Александр Емельяненко кәсіпқой бокс ережесі бойынша өзінің отандасы Михаил Кокляевке қарсы жекпе-жек өткізді, деп хабарлады Sports.kz.
Спортшылардың кездесуі Мәскеудегі бокс кешінің басты жекпе-жегі болды. Кокляев пауэрлифтингпен шұғылданады – 2005 жылы ол Ресейдің ең күшті адамы атанған.
Cпортшы құлап бара жатып, қарсыласын нокаутқа жіберді – видео
Супер ауыр салмақтағы төрт раундтық жекпе-жекте Емельяненко нокаутпен жеңіске жетті. Кездесудің видеосын төменде көруге болады.
Александр кәсіпқой бокста алғаш рет жеңіске жетіп отыр, бұған дейін 2009 жылы бір ғана жекпе-жек өткізген, ол кезде төрешілердің шешімімен тең түсті – оның қарсыласы Хизир Пилев болды (2-0-1, 1 КО) болды. Спортшының ММА-дегі рекорды – 28-7-1.
sputniknews.kz