Мандарин: пайдасы, зияны

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Мамандар мандариннің калориясы аз екенін айтады. Ол дәруменге өте бай, тиісті мөлшерді сақтаса, ағза үшін пайдалы

НҰР-СҰЛТАН, 26 қараша – Sputnik. Күніне төрт мандариннен көп жесе, денсаулыққа зияны болмайды.  Ол иммунитетті күшейтіп, ағзадағы токсиндерді шығарады. Көңіл-күйді көтеруге де септігін тигізеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Диетолог-дәрігер Тамара Прунцева тәулігіне 4 мандарин жеуге ғана кеңес береді.

«Оларды күн сайын жеуге болады. Бірақ көп жемеген жөн», — дейді ол.

Дәрігер жаңа жыл мерекесінде мандарин жеу жақсы дәстүр екенін атап өтті. Алайда маман мандаринге аллергия болмауы шарт екенін айтты.

Бұл пікірмен диетолог-дәрігер Елена Тихомирова да келіседі. Оның айтуынша, қыста адам ағзасына дәрумендер жетпейді. Сондықтан жеміс жеген жөн.

«Мандариннің калориясы аз. Оның құрамында дәрумен көп. МӘсіресе, С витамині. Оны жақсылап жуып жеу қажет. Себебі, мандарин ұзақ сақталу үшін оның қабығы ағзаға қауіпті затпен өңделуі мүмкін», — дейді ол.

Мандаринді неге көп жеуге болмайды?

Дәрігерлер мандаринді шектес тыс жеу аллергияның пайда болуына алып келетінін айтады. Яғни іш кеуіп, асқазан-ішек жолы созылмалы аурулары асқынуы мүмкін. Себебі, оның құрамында жасұнық көп.

Тағы оқыңыз: Дәрігерлер әжейді томографта ұмытып қалдырып кетті

Диетологтар мандаринді кешкі сағат 5-ке дейін жеуге кеңес береді. Ең маңыздысы оны аш қарынға жеуге болмайды.



sputniknews.kz