Назарбаев сайлауалды бағдарлама әзірлеуді тапсырды
Қысқа сілтеме алу
2020 жылдың ақпанында Nur Otan партия съезін өткізеді, жиында қайта жүктеудің алдын ала қорытындысы шығарылып, алдағы электоралды міндеттер талқыланады
НҰР-СҰЛТАН, 25 қараша – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті, Nur Otan партиясының төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев партияның парламенттік сайлауға арналған сайлауалды бағдарламасын әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Елбасының баспасөз қызметі.
«Nur Otan партиясының мәжіліс сайлауына арналған сайлауалды бағдарламасына тоқталсақ, саяси кеңес бюросының мүшесі ретінде премьер-министр бұл жұмысты басқарып, бағдарламаны әзірлеуге қазірден бастап кірісуі керек», — деді Назарбаев.
Сондай-ақ, Назарбаев 2020 жылы өңірлерді дамытудың бес жылдық бағдарламаларын жүзеге асыру аяқталатынын атап өтті.
«Жаңа бағдарламаларды қабылдау қажеттілігі жаңа электоралды циклмен тұспа-тұс келіп отыр. Сондықтан жаңа бағдарламалар әр өңірдегі мәслихат сайлауының сайлауалды бағдарламасының негізіне айналуы тиіс», — деді Елбасы.
Nur Otan партиясының төрағасы әр өңір, қала және аудан бойынша сайлауалды бағдарламаларының дайындығын қамтамасыз етуді тапсырды.
Елбасы сапалы партия тізімін жасақтау үшін ашық партияішілік іріктеуді өткізудің маңызын атап өтті.
Тағы оқыңыз: Назарбаев нұротандықтарды аяқ астынан жинап алды
«Әрбір мәслихаттың сайлауалды партиялық тізіміне кемінде 30 процент әйел және 35 жасқа дейінгі 20 процент жастар кіруі тиіс. Сонымен қатар, тізімге халықтың түрлі санатының өкілдері, Отанына оралған қандастарымыз, мүмкіндігі шектеулі адамдар, кәсіпкерлер мен БАҚ өкілдері енген жөн», — деді Назарбаев.
Сондай-ақ, Елбасы жергілікті жерлерде партия органдарының жұмысын күшейту, партияның өңірлерде шоғырландырушы рөлін арттыру қажеттігін атап өтті.
«Ақпанда партия съезі өтеді. Онда біз қайта жүктеудің алдын ала қорытындысын шығарып, алдағы электоралдық міндеттерді жан-жақты талқылаймыз. Қазір «Jas Otan» мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2025 жылға дейінгі «Жастар-Отанға» жаңа бағдарламасын әзірлеп жатыр. Онда қазіргі жастардың барлық сұранысына жауаптар көрініс табады. Сәуірде жаңа бағдарламаны «Jas Otan» съезіне енгізу қажет», — деді ол.
Тағы оқыңыз: Назарбаев өзінің орынбасарына тапсырма берді
Назарбаев бүгін астанада Nur Otan партиясы өңірлік филиалдарының өкілдерімен кездесті.
sputniknews.kz