«Қазақ тілі» пәнін оқыту үдерісін ұйымдастыруға қойылатын талаптар — Қазақстан және қазақтар туралы — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0

Бағдарлама бойынша әр сыныптағы сағат саны:Сынып    Апталық сағат саны    Жылдық сағат саны
1-сынып     2 сағат    66 сағат
2-сынып    2 сағат    68 сағат
3-сынып    3 сағат    102 сағат
4-сынып    3 сағат    102 сағат
        
Сабақ барысында әртүрлі (жеке, жұптық, топтық) жұмыс түрлерін ұйымдастыру үшін  оқу кабинеттеріндегі жиһаздар орнын ауыстыруға қолайлы әрі жеңіл болуы қажет. Сондай-ақ кітап сөрелері, стендтер және оқушы жұмыстарының көрмесіне арналған орын болуы міндетті.
«Қазақ тілі» пәнін сапалы, тиімді оқытуда қолайлы жағдай туғызуға қажетті құрал-жабдықтар:
—     шектеусіз интернет; 
—     компьютерлер немесе ноутбуктер; 
—     құлаққаптар;
—     жылжымалы тақта;
—     интерактивті тақта;
—     флип-чарт;
—     маркерлер; 
—     ламинатор;
—     есту-бейне материалдары ;
—     дидактикалық материалдар; 
—     шағын және көлемді жеке суретті кітаптар; 
—     сөздіктер (аударма, түсіндірмелі, орфографиялық, орфоэпиялық т.б.); 
—     оқушыларға арналған энциклопедиялар;
—     жас ерекшелігіне сай әдебиеттер, қазақ ауыз әдебиеті материалдары; 
—     жас ерекшелігіне сай журналдар;
—     шағын және орта көлемді сюжетті кітаптар; 
—     бастауыш мектепке арналған көркем әдебиеттер қоры; 
—    постерлер; 
—    ұлттық киімдегі қуыршақтар (сахналық көріністер үшін); 
—    ұлттық киімдер, сахналық киімдер, декорациялар; 
˗    ұлттық ойынға қажетті жабдықтар.
 

Рахмет ретінде жарнаманы басыңыз!