Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану құзыреттілігі — Қазақстан және қазақтар туралы — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0

Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды (әрі қарай – АКТ) қолдану құзыреттілігі оқушылардың тілдік дағдыларын қалыптастыруда, өз бетімен іздену және зерттеу жұмыстарында сандық технологияларды жұмыс барысында орынды қолдана білуге үйретеді. Бұл құзыреттілік АКТ-ны қолданудың негізгі дағдылары арқылы қалыптасады. 
Бастауыш мектепте АКТ-ны қолдану дағдылары ақпарат іздеу және дайындау, ақпаратпен алмасу, өз жұмысын бағалау және жетілдіру, алуан түрлі жабдықтар мен бағдарламалық қосымшаларды пайдалану арқылы дамытады.
 «Қазақ тілі» оқу бағдарламасында ол төмендегідей жұмыстар негізінде іске асырылады:  
—    қазақ тілі сабақтарында және сабақтан тыс кезде интернет ресурстарымен жұмыс (мысалы, веб-сайттағы ақпаратты оқу, керекті материалды іріктеу, жеке құжат немесе файл ретінде көшіру және сақтау);
—    онлайн сабақтарында инновациялық әдістер мен ақпараттық технологияларды жүйелі түрде қолдану;
—    мәтін және слайдтармен жұмыс істеу үшін қарапайым бағдарламадан күрделірек бағдарламаға көшу (Word, PowerPoint, электрондық тренажерлер, электрондық оқу құралдары, электрондық тестілеу т.б.); 
—    ақпаратты өңдеп, баспа және электронды түрде сақтау үшін жабдықтарды (принтер, сканер, сандық фотоаппарат) пайдалану;
—    электронды оқулықтарды пайдалану;
—    «подкаст» жасау;
—    тақырыпқа байланысты медиақұралдарды қолдану;
—    ақпаратты саралау, зерттеу.
 

Рахмет ретінде жарнаманы басыңыз!