Азия және Ислам даму банкі. Халықаралық есеп айырысу банкі (ХЕБ) — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0

Азия даму банкісі (АзДБ) 1965 жылы құрылған. Оның мүшелері болып Азиядағы дамушы елдермен қатар, Жапония, Австралия елдері де кіреді.

1980 ж. Азияның 29 елі банктің аймақтық мүшелері ретінде банк мүшелерінің жиналысында 66,6 % дауыс алса,оның ішінде Жапония үлесі — 26,2% дауыс, Австралия — 11,1% дауысқа ие болды. Кешірек АзДБ мүшесі болып тағы 14 тәуелсіз дамыған ел қосылды. Олардың дауыс үлесі 33,4% құрайды. Бұған Жапония мен Австралияны қосқанда басқарушылар кеңесінің жиналысында алған үлесі 70%-дан астамын құрады. АзДБ-нің жарғысы бойынша банк, тек мүше болған елдерге қаржы бөледі. Штаб-пәтері Филиппиннің астанасы — Манила қаласында.

АзДБ өз операцияларын ЕКДБ сияқты жүзеге асырады. 1980 жылы банктің негізгі капиталы 9,5 млрд долл. болды, оның 8,9 млрд долларына қол қойылды. Банктің ережесі бойынша капиталының 20% төленуі қажет, ал қалған 80% керек болса кез келген кезде талап етіле алады. Құйылған қаржы кепілдік қоры ретінде мүшелерінің қолында болады Оны 81% алтын немесе конвертация жасауға болатын валютадан, ал қалған бөлігі ұлттық валютадан тұрады.

АзДБ-нің мүше болған елдердің банктерінің капитал жұмсалымдар бойынша түсімдерден аударған және өз еркімен қосқан жарналардан арнайы қоры бар. Осы қор қаражаты нашар дамыған елдердің экономикасын және әлеуметтік инфрақұрылымдарын жақсартуға жеңілдікпен кредит беру үшін пайдаланылады.

АзДБ облигация шығару арқылы өзінің қаражаттарын әлемдік қаржы нарығынан тартады.

АзДБ кредиттің көп бөлігін мынадай 5 елге берді — Индонезия, Оңтүстік Корея, Филиппин, Пакистан, Тайланд. 1980 жылдың басында 8,7%-ға 5 млрд. доллар кредит берді. Оның қайтару мерзімі 10-30 жыл. Бірінші қайтарым — 2-7 жылдан кейін. Берілген кредиттің 1/3-і жеңілдетілген кредит, яғни жылына 1%-дан 4% мөлшерлемесімен 40 жылға дейін беріледі..

Кредитті беретін негізгі бағыттары — экономикалық және әлеуметтік инфрақұрылымдар, агроөнеркәсіп объектілері, ауыл шаруашылығы, өндіретін және қайта өңдейтін өнеркәсіп. Банкінің кредиті ең алдымен барлық жеке секторға, жекешелендірілген мемлекеттік бірлескен кәсіпорындарға, әсіресе дамып келе жатқан елдердің үкіметтеріне — сенімді қарыз алушы ретінде бағытталады.

 

Скачать реферат/Рефератты жүктеу