Әлемдік банк және оның ұйымдары — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека
Бреттон-Вудскінің институттары деген атпен жалпыға танымал Әлемдік банкі мен ХВҚ, әлемдік экономикалық және қаржылық тәртіптің бүкіл құрылымын қолдайтын, қос мемлекетаралық тірек болып табылады. Екеуінің бір болуы кездейсоқтық емес. Халықаралық ынтымақтастық саналы түрде, бұл екі ұйымды құруда еңбек бөлінісін жүзеге асыруға тырысты. Бір қарағанда ХВҚ мен Әлемдік банктің көп ұқсастық белгілері бар. Бұл екі ұйым да қазіргі кезде олардың мүшелері болып табылатын 180-нен астам мемлекеттердің үкіметтері арқылы басқарылады. Екі институтта экономикалық мәселелермен шұғылданады және олардың мүшесі болып табылатын елдің экономикасының кеңеюіне және нығаюына өз күштерін шоғырландырады. Екі мекеменің де штат-квартиралары Вашингтонда. Ұзақ жылдар бойы олар бір ғимарат ішінде орналасқан болатын, қазірдің өзінде бір көшенің қарама-қарсы жақтарында болса да, кітапханалары және басқа қызметтері ортақ экономикалық мәліметтермен жиі алмасып отырады, кейде бірлескен семинарлар мен кеңесулер өткізеді, жүмысшылар кездесулер ұйымдастырады. Банк мүшелері міндетті түрде ХВҚ мүшесі болуы керек. Осыған қарамастан, Әлемдік банк және ХВҚ принциптік айырмашылықтарға ие. Ол мынадан шығады: Әлемдік банк даму мәселелерімен айналысатын негізгі институт болып табылады, ал ХВҚ — бұл қарым-қатынас орнатушы институт, ол елдер арасындағы төлемдер мен ақшалай түсімдердің тәртіптенген жүйесін құруға тырысады. Бұл ұйымдардың ,мақсаты, қаржыландыру көздері әр түрлі және өзіндік мақсаттарына өздеріне тән әдістермен жетуге тырысады.
Бреттон-Вудскідегі келісімде халықаралық қауымдастық өзінің ресми атауы — Халықаралық қайта құру және даму банкісінде (ХВКДБ) қарастырылған әлемдік банк үшін мәселелер шеңберін орындайды. Осыған сәйкес оның негізгі міндеті — экономикалық дамуды қаржыландыру, яғни екінші дуниежүзілік соғыс кезінде қираған елдерді қалпына келтіруге көмектесу, сонымен қатар қаржылық көмек көрсету және халықаралық сауда мен төлем баланстарын теңдестіруге ықпал ету.
Әлемдік банк өзінің жұмысын 1946 жылдан бастады. Алғашқы кредиттері Батыс Еуропа елдерінің соғыстан қираған экономикасын қалпына келтіруді қаржыландыру үшін берілген болатын. 1960 жылдан бастап ол дамушы елдерге өздерінің кредиттерімен көмектесті, сөйтіп олардағы экономикалық және әлеуметтік прогрессті қалыптастырды.
Дүниежүзілік банкті құру туралы ұсыныс АҚШ тарапынан болған, олар бірінші кезекте өздерінің соғыс кезінде жоғары өсіп кеткен өндірістік қуаттарын пайдалану үшін экспортты қаржыландыруға мүдделі болды. Сол уақытта халықаралық ұйым көмегімен капитал салымшыларының тәуекелін қалпына келтіру мақсаты көзделді.
Әлемдік банк екі үлкен ұйымнан тұрады — Халықаралық қайта құру және даму банкісі (ХҚЦБ) және Халықаралық даму ассоциациясы (ХДА). Сонымен қатар, банкінің құрамына мынадай ұйымдар да кіреді: дамушы елдердің жеке меншік кәсіпорындарын қаржыландыруға бағытталған Халықаралық қаржылық корпорациясы; Инвестициялық дауларды реттеуші Халықаралық орталық; Инвестициялар кепілдемесінің көпжақты агенттігі,
Әлемдік банкте 6000-нан астам арнайы адам қызмет істейді және әлемде оның 40 бөлімшесі бар, оның қызметкерлерінің 95%-ға жуығы Вашингтондағы штаб-пәтерінде жұмыс жасайды. Олардың арасында экономистер, заңгерлер, инженерлер, агрономдар, телекоммуникация, су жүйесінің, тасымалдау, білім және т.б. салалардың мамандары бар.
Әлемдік банк — инвестиялық банк, инвестор мен алушылардың арасында делдалдық қызмет көрсетеді, яғни біреуінен алса, екіншісіне кредит береді. Банк иесі болып мүше болған елдер есептелінеді, олардың акционерлік капиталы 185 млрд. долларға жуық. Қаржының көпшілігін банк жеңілдетілген кредит беруге жұмсайды. Кредит 100 шақты елдегі жеке меншік мекемелерге және жеке адамдарға беріледі. Жеңілдікпен берген кредиттері донор — елдердің қаржысы арқылы шешіледі.
Әлемдік банк әлемде нарықтық капиталдың негізгі кредит алушысы болып есептелінеді. Мемлекеттер мен оның өкілдеріне орталық банктерге облигация мен вексель сату арқылы да қарыз алады. Облигация сату арқылы түскен түсімдер дамушы елдерге саясатты өзгертуге байланысты жасаған бағдарлама мен жобаларды қаржыландыруға қолайлы пайыз нормасымен беріледі.
Әлемдік банк құрылған кездегі негізгі капиталы 10 млрд доллар болған, ал одан ары ол ұлғайып: 1970 ж. — 27 млрд долл., 1980 ж. — 34 млрд СДР-ға дейін (ол кезде СДР = 1,317 долларға теңескен), ал 1994 ж. — 140 млрд СДР-дан астам болды.
Әлемдік банкке мүше болғысы келген әр ел өз квотасының 10%-ын төлеу қажет. Оның 1%-ы доллармен немесе алтынмен, ал 9%-ы ұлттық валютамен төленеді. Төленген қаржының бірінші бөлігін банк ез еркімен пайдалана алады, қалғанын берген елдің рұқсатымен жұмсайды, ал қалған капиталдың 90% бірден төленбейді, бірақ банкке езінің міндеттемесін өтеуге қажет болса, онда ол кез келген уақытта талап етеді.
Дүниежүзілік банк кредиттік қабілеті бар дамушы елдердің үкіметтеріне өз кредитін береді.
Дамушы елдердің, егер адам басына шаққанда жалпы ұлттық өнім 1200 доллардан асса, бұл ел Халықаралық кайта құру және даму банкісінен кредит алуына мүмкіндігі бар. Бірақ кредиттің пайызы банктің нарықтық пайызынан шамалы артығырақ болады. Әдетте төлеу мерзімі 12-15 жыл.
Халықаралық даму ассоциациясы (ХДА) өте кедей елдердің үкіметтеріне кредит бере алады. Адам басына шаққанда жалпы ұлттық өнімі 700 доллардан кем елдерге ХДА-ның жұмсайтын барлық кредиттерінің 80% жұмсалады. ХДА кредитіне пайыз төленбейді, оның қайтару мерзімі 35—40 жылды құрайды.
- ХҚДБ қарыздарын (ссуда) беру шарттары:
- кредит тек қана үкіметтерге, олардың орталық банктері экономикалық даму үшін жасаған жобаларды қаржыландыруға, әрине, сол үкімет оны қайтаруға кепілдік берген жағдайда;
- кредит алушы өзіне қолайлы шарттармен басқа жерден кредит алуға мүмкіндігі болмаса;
- ХҚДБ-нің сарапшы комиссиясы ұсынған жобаға баға беріп, оны қолдауға рұқсат берген жағдайда;
- қаражатты пайдалану қатаң мақсатты көздейді және қаржы тек қана жобаны іске асыруына қарай, кезең-кезеңімен беріледі.
Бұл ережелер ХКДБ-нің де және оның кредит берушілерінің де мүдделерін қорғауға қызмет етеді. Өйткені кейде кредит беру мәселесі саясатқа және экономика жағдайына байланысты болуы мүмкін.
Әлемдік банк кредит берген кезде көбірек көңіл бөлетін жобаларға халқының жағдайы ете нашар дамушы елдер жатады. Бірінші кезекте ауылдық жердегі егіншілікпен, мал шаруашылығымен айналысатындарға, шағын кәсіпорындарға және қалаларға кредит береді. Бұл көмек олардың еңбекті жақсы жүргізуіне, су, газ, энергия жүйесін қолдануына, денсаулығын жақсартуына, білімін көтеруіне, үй құрылысын өндірімді жүргізуіне мүмкіндік береді.
Қазақстан Әлемдік банкінің мүшесі ретінде оның кредитін пайдаланушы болып табылады. Оның кредитімен ондаған республика үшін маңызы зор жобалар қаржыландырылуда.