Банк жүйесі — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека
Банк жүйесі кредит жүйесінің негізгі буыны, нарықтық экономиканың маңызды құрамдық бөлігі болып табылады. Ол кредит және қаржы операцияларының негізгі массасын шоғырландырады.
Кез келген жүйе барлық қажетті элементтер мен қажетті пропорцияларды қамтуы керек, онда олар өзара әрекеттесіп, бір-бірін толықтыруы қажет, әдеттегіше, бір жүйе өзінен де ауқымды басқа жүйеге енеді.
Банк жүйесіне бұл принциптердің де тікелей қатысы бар. Мәселен, кез келген елдің банк жүйесінде оның негізгі элементтері кездеседі: әр түрлі тұрпаттағы банктер, банктік емес мекемелер, банктік инфрақұрылым, банктердің бірлестігі және т.б.
Бұл элементтер бір-бірімен өзара әрекеттеседі, бір-бірін органикалық тұрғыдан толықтырады және белгілі бір тұтастықты құрайды.
Банк жүйесі құрамдық бөлік ретінде үлкен жүйе — елдің кредит жүйесіне кіреді. Ал, кредит жүйесі елдің экономикалық жүйесіне кіреді. Сол себепті де банктің қызметі мен дамуын қоғамның ұдайы өндірістік процесімен тығыз байланыстырып қарау қажет. Банктер мен банк жүйесі өзінің нақты қызметінде бюджеттік — салықтық және басқа да жүйелермен өзара тығыз әрекеттесіп, экономикалық өмірді басқару мен реттеудің жалпы тетігімен шектеліп, сабақтасады.
Банк жүйесі белгілі бір өзгешеліктер мен белгілерге ие. Сонымен, басқа жүйелерден айрықшалап көрсететін банк жүйесінің белгілері қандай: