Банк қызметін ұйымдастырудың негіздері. Банк типтері. Банк мекемесін құру және банк қызметін тоқтату — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0

 

Банктің жарғылық қоры қандай көздерден қалыптасқанына қарай банк туралы заңдарда олар мемлекеттік, жеке, акционерлік, аралас және шетелдік болып жіктеледі.

Банктерді акционерлік формада ұйымдастырудың ерекшелігі мен артықшылығы неде? «Шаруашылық серіктестіктері мен акционерлік қоғамдар туралы» заңға сәйкес, біріншіден, акционерлік қоғам — бұл заңды тұлға. Онда құрылтайшының (акционерлік қоғамның қатысушылары құрылтайшылар деп аталады) меншік құқығы Ұлттық банктің лицензиясы негізінде шығарылған акциялармен айғақталады. Акционерлердің улесі мен банктің табысы сатып алынған акциялардың санына тікелей тәуелді болады. Акционердің жауапкершілігі сатып алынған акцияның сомасымен ғана шектеледі. Банк таратылған жағдайда немесе банкротқа ұшырағанда барлық талапхаттар (претензия) жекелеген акционерлерге емес, банкке ұсынылады, яғни банктен талап етіледі.

Акционерлердің банкті басқару бойынша жауапкершілігі басқарманы сайлаумен және жылдық жиналыста банк саясатының мәселелері бойынша дауыс берумен шектеледі.

Банкті акционерлік емес формада (үлестік жеке форма) ұйымдастыру қатысушылардың құқығын растайтын қандай да бір формалдық айғақты қажет етпейді.

Пайшы (үлескер) банк қызметіне қатысты барлық тәуекелдікті өз мойнына алады әрі оның барлық міндеттемелері бойынша жауап береді. Банкротқа ұшыраған жағдайда барлық талапхаттар банкке де және өз мүлкіне жауап беретін әрбір үлескерге ұсынылады.

Екіншіден, акционерлер акцияны басқа тұлғаға бере алады. Бұл арада банк жекелеген акционерлер банкротқа ұшырағанда немесе құзіреттілігін жоғалтқанда немесе қоғамнан бөлініп шыққанда да өз жұмысын жалғастыра береді. Ал, қатысушы өзінің үлесін пай формасында басқа қатысушылардың келісімінсіз бере алмайды.

Үшіншіден, акционерлік банкте оны басқару бойынша қызмет нақты бөлінген. Акционерлер басқарманы, басқарма төрағаны, ал, ол (төраға) басқару аппаратын сайлайды. Басқару аппараты өз кезегінде мамандар мен қызметкерлердің міндеттерін анықтайды. Жеке банкте қатысушылар оны басқаруға тікелей қатысады әрі олар администраторлар болып табылады және басшылықтың тиімділігі олардың жеке сапасына қарай орын алады.

 

Скачать реферат/Рефератты жүктеу