Коммерциялық банктің ұйымдастыру құрылымы. Банктің басқару құрылымы — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0

 

Банк жүйесін ұйымдастыру белгілеріне қарай филиалсыз банктерге, бөлімшелері бар банктерге және банктік топтарға бөлуге болады. Көптеген елдерде банк жүйесінің бір типі берілген, ал Қазақстанда дамымаған түрдегі банктік ұйымдардың барлық түрлері бар.

Ұлттық банктің рұқсатымен банктер Қазақстан Республикасы аумағында және одан тысқары жерлерде банктерін аша алады, ал өздерінің өкілеттілігін кейіннен — Ұлттық банкті ескертумен ашады.

Банк филиалы — бұл бас банктің берген құқықтары шегінде банктік операцияларды жүзеге асыратын банктік мекеме. Банк филиалы заңды тұлға болып саналмайды, дербес балансы болмайды және өзінің бас банкі берген қаражаттар мен өкілеттіліктер шегінде қызмет етеді.

Банк өкілдігі — депозит тартудан басқа белгілі бір банктік операцияларды орындайтын және оз атынан, банктің тапсырмасымен жұмыс жасайтын заңды тұлға болып табылмайтын, құрылымдық бөлімше.

Еншілес банк — жарғылық қордың 50%-нан астамы бас банкіге тиесілі, заңды тұлға болып табылатын банктік мекеме.

Қазақстан бұрынғы КСРО-ның монополиялық банктік жүйесін қабылдады. Бұрынғы мамандандырылған банктері (Тұран-банк, Кредсоцбанк, Агроөнеркәсіпбанкі, Әлембанк, Халық банкі) республиканың барлық аумағында өздерінің бөлімшелерін иеленіп, жаңадан құрылған коммерциялық банктер де сондай өз филиалдарын құрды (мысалға, Қазкоммерцбанк, Центркредитбанк, Темірбанк және т.б.)

Әлемдік банктік тәжірибеге қарағанда, бөлімшелері бар банктердің артықшылығы — олар бас банктің толық бақылауында және оның балансында болады.

Бірақ, жоғарыда аталған мамандандырылған банктердің күрделі иерархиялық құрылымы болды. Олардың бас кеңсесі Алматыда орналасқан, оған облыстық басқармалар бағынса, ал соңғысына аудандағы бөлімшелер бағынышты болып келді.

Скачать реферат/Рефератты жүктеу