Ссудалық капиталдың қызметі мен рөлі. Ссудалық пайыздың формалары — Ақша, кредит және банктер — Рефераты на казахском языке — Библиотека

0

 

Қызмет экономикалық категорияның өзіндік ерекшелігі бар мәнін білдіреді. Экономикалық әдебиеттерде ссудалық пайыздың мұндай кызметтерінің екеуін атап көрсетеді: үлестіргіш қызмет және ссудалық капиталдың ұлғаюын (өсімін) сақтау.

Ссудалық пайыздың үлестіргіш қызметі қайтадан жасалған құнның (пайданың) бөлінуін (бірақ барлық құнды емес) білдіреді.

Пайыз арқылы пайданы бөлу меншік иелерінің ауысуымен қатар жүреді, яғни қарыз алушы пайызды кредит берушіге береді және меншік құқығы да оған өтеді.

Пайданы бөлу процесінде ссудалық пайызды алушы мен төлеуші (қарыз алушы) орындарын ауыстырады.

Кредит беруші ссуда алушы болуы мүмкін, пайыз қозғалысы өз бағытын өзгертеді — пайданың бір бөлігі қарыз алушыдан кредит берушіге аударылады. Сонымен қатар, кредит беруші банктер өз пайдасының бір бөлігін — кредитті қарызға алған өз клиенттеріне пайызды төлеуші болуы ықтимал.

Пайыз арқылы пайданы бөлу салалық емес, қоғамдық сипатқа ие. Халық шаруашылығы деңгейінде ссудалық пайызды төлеу ұлттық табысты бөлумен байланысты.

Ссудалық пайыз қарыз алушыны өзінің кәсіпкерлік қызметі үшін алған кредитті толық әрі тиімді пайдалануға және кредитті пайызымен толық әрі уақтылы қайтаруы үшін пайда алуға ынталандырады, яғни екінші қызметін орындайды.

Ссудалық капиталды сақтайтын әрі ұлғайтатын ссудалық пайыздың қызметі кредит беруші ретінде банктің кредиттік қабілетін сақтаумен және арттырумен байланысты. Ссудалық пайыз қарыз алушыны банк берген кредитті толық әрі уақтылы өтеуі үшін экономикалық тұрғыдан ынталандыра отырып, ссуда қорын сақтайды әрі ұлғайтады. Қарыз алушыдан банк алған пайыз бен оған депозит үшін төленген пайыздың арасындағы айырмашылық ссудалық қор мен оның кредиттік ресурстарын арттырудың көзін құрайды.

Пайыз еркін ақшалай капитал мен табысты ссудалық капиталға айналдыратын, оны сақтап, көбейтетін қозғаушы күш болып табылады.

Пайыз қызметі оның экономикадағы рөлін де анықтап береді. Жалпы шаруашылық тұрғысынан ссудалық пайыз ең алдымен кредит беруші мен қарыз алушының экономикалық мүдделерін білдіреді.

Ең алдымен бөлуші (распределительный) категорияға жататындықтан пайыз қарыз алушы кәсіпорынның өкімінде қалған пайдадан тікелей шегеруші болып табылады. Банкке төленетін пайыз сомасы неғұрлым аз болатын болса, ссуда алушының таза табысы соғұрлым көп болады. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің кредитті тиімді пайдалану есебінен оны үнемдеуге және арзан кредитті алуға ұмтылысы осында жатыр. Міне осы арада пайыздың алынған кредитті тиімді пайдаланудың ынталандырушы факторы ретіндегі рөлі көзге түседі.

Кредит беруші банктің экономикалық мүддесі пайыздан білінбек. Ссудалық пайызды алу оның қызметінің негізгі мақсаты болып табылады. Пайыздың есебінен оның аппаратты, материалдық-техникалық базасы бойынша және басқа да операциялық шығындары өтеледі. Пайыз есебінен өз пайдасын алып, ссудалық қорды арттырады. Бұл арада банк қызметінің нәтижелігін кредиттік операциялардың ауқымын ұлғайту арқылы ғана арттырылмайды. Сонымен бірге, қарыз алушының әз шаруашылығында ссуданы ұтымды пайдалануына ынталандыратын әр түрлі пайыздың мөлшерлемелерді қолданып, кредит айналымын жылдамдату жолымен де арттырылады.

Ссудалық қор құнының сақталуына кепілдік беретін пайыз экономиканың алға басып дамуына объективті алғышарттар тудырады.

Экономикада пайыздың ролі — өзінің қаражатын және қарызға алған қаражатты ұтымды ұштастыруға ықпал ету болып табылады. Ссудалық пайыздың деңгейі қарыз алушының уақытша және аса қажетті қосымша қажеттіліктерін кредитпен өтеуде ғана пайдалы болмақ. Кредитті шамадан тыс артық қолдану пайдалылықтың жалпы деңгейін темен түсіріп жібереді.

Пайыз арқылы банкке тартылатын депозиттердің көлемін реттеу жүзеге асырылады. Кредитке деген өсе түскен шаруашылық қажеттіліктері кредит берудің көзі ретінде банк депозиттерінің тиісті деңгейінде өсуімен өтелуі керек. Мұндай жағдайда пайыз депозиттердің ұсынысы мен оған банк тарапынан сұранысты теңестіруші фактор ретінде алға шығады, әрі банк айналымына ең тұрақты қаражатты тартудың ынталандырушысы ретінде де пайыз рөлінің маңызы арта түседі.

Ссудалық пайыздың рөлі елдегі ақша айналымын реттеуде танылады. Пайыз мөлшерлемелерін саралап белгілеу арқылы экономикадағы ақша массасын арттыруға немесе кемітуге болады.

Экономикада ссудалық пайыздың рөлін тұтастай күшейту әрі оны экономикалық реттеудің қозғаушы элементіне айналдыру елдегі экономикалық ахуалдың жағдайымен және реформаның барысымен тікелей байланысты. Қазақстандағы осы заманғы экономикалық қатынастарда ссудалық пайыз ролінің күшеюі оны реттеуші қызметінің пайда болуы нәтижесі ретінде тән болып отыр.

 

 

 

Ссудалық пайыздың формалары

 

Ссудалық пайыздың әр түрлі формаларды бар. Оның жіктелуі бірнеше белгілермен анықталады.

 

1. кесте. Ссудалық пайыздың формаларын жіктеу

 

Жіктеу белгілері

Ссудалық пайыздың формалары

1

2

Кредит формалары бойынша

Коммерциялық пайыз

Банк пайызы

Тұтыну пайызы

Лизингтік мәміле бойынша пайыз Мемлекеттік кредит бойынша пайыз

 

Кредит мекемелерінің түрлері бойынша

ҚР Ұлттық банктің есептік пайызы

Банк пайызы

Банк кредитін тарту, инвестиция түрлері бойынша

Ломбард операциялары бойынша пайыз

Қаражат айналымындағы кредит бойынша пайыз

Негізгі қорлардағы инвестиция бойынша пайыз

Құнды қағаздардағы инвестиция бойынша пайыз

Кредитті беру мерзімі бойынша

 

Қысқа мерзімді ссуда бойынша пайыз

Орта мерзімді ссуда бойынша пайыз

Ұзақ мерзімді ссуда бойынша пайыз

 

Кредит мекемелерінің операция түрлері бойынша

 

Депозиттік пайыз Вексельдік пайыз

Банктің есептік пайызы

Ссудаға қойылатын пайызы Банкаралық кредит бойынша пайызы