Жаңа жұмыспен, тағайындау, әріптестер құттықтау тілек сөздер
Бүгінде Сіз көлік саласының тәжірибесі мол, біліктілігі жоғары, беделі зор мамандарының бірісіз.
Сапалы қызметіңіз бен ұтымды істеріңіз, аса қарапайым мінезіңіз бен байыптылығыңыз,
азаматтық бітім — болмысыңыз да үлгі тұтарлық.
Сізге жүрер жолыңыздың ұзақ, асар асуларыңыздың биік, көрер қызықтарыңыздың мол болуын тілейміз!
Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтай отырып, әріптестеріңіздің ізгі көңілінен шыққан ақ тілектерін жолдаймыз!
Ұжымыңыз Сізді білікті де білгір, тәжірибелі де озық, сыйлы да беделді маман ретінде құрмет тұтып сыйлайды.
Осы қуанышты сәтте Сізге ұзақ өмір, зор денсаулық, баянды бақыт тілейміз. Көңіліңіз ғұмыр бойы көтеріңкі болып, өмір айдынында қайғы — мұңды білмей, еркін жүзе беріңіз. Отбасыңыздан береке — бірлік, басыңыздан бақ — дәулет таймай, аңсаған армандарыңыздың асуына жете беруіңізге тілектеспіз!
Сізді туған күніңізбен шын жүректен құттықтай отырып, кіршіксіз көңілден шыққан ізгі тілектерімізді жолдаймыз!
Ұжымда адал еңбеккер, ортасына сыйлы әріптес, отбасында мейірманды ана, асыл жар бола білген өзіңіздей абзал жанға осындай қуанышты күні ғұмырыңыз ұзағынан, көрер қуанышыңыз молынан болсын деп тілейміз. Жүзіңіз күндей күлімдеп, жүрегіңіз жаздай жайнасын, жанарыңыздан әрдайым нұр себелеп, жаныңыз шаттыққа кенелсін демекпіз. Шаңырағыңызға шаттық ұялап, босағаңыздан қызық — қуаныш арылмасын!
Туған күніңізге орай әріптестеріңіздің ақ көңілінен шыққан құттықтаулары мен жылы лебіз — тілектерін қабыл алыңыз.
Жас та болсаңыз, өзіңіздің еңбек етіп жүрген салаңызда білікті де білгір маман ретінде танылып үлгердіңіз.
Осы айтулы сәтте Сізге келешекте мамандығыңыздың үздік шебері атанып, алға қойған үлкен мақсаттарыңызға сүрінбей жете беруіңізге тілектеспіз. Өмірде бақытты, ұжымда беделді, дос — жолдастарыңа қадірле де сыйлы боп тек биіктерден көріне бер!
Жеміс берсін тер төккен еңбегіңіз,
Бақыт болсын әрдайым көргеніңіз!
Дәулет пен мерейіңіз таси берсін,
Арта берсін абырой — беделіңіз!
Тізгіні өзіңізге сеніп тапсырылған…………………….. бөлімінің жұмысын сапалы да ұтымды жүргізу ісіндегі еңбегіңізді аса жоғары бағалаймыз.
Салаңыздың білгірісіз – санаңыз ілгері болсын, еңбектің озатысыз – ойыңыз озық болсын деп тілейміз.
Өзіңізді іскерлігі мен ұйымдастырушылық қабілеті жоғары қызметкер, болашағынан үлкен үміт күттіретін білімді де білікті жас маман ретінде танимыз.
Қызыққа құштар, сұлулыққа іңкәр жастық шақтың жалауын жықпай, жылуын мәңгі жоғалтпай,
ақ махаббат пен таза достықтың адалдығына сүйеніп, еңбектің жемісі мен жеңісіне кенеліп,
мақсат — мұратыңызға мүдірмей, армандарыңызға адаспай жетуіңізді тілейміз.
Көңіліңіз көктем гүліндей кіршіксіз, өміріңіз өлең жолдарындай мінсіз болсын!
Ұжымда Сізді жаныңыздың тазалығы мен көңіліңіздің адалдығы, қарапайым мінезіңіз және еңбектегі білгірлігіңіз үшін үлгі тұтып сыйлайтынын білдіргіміз келеді.
Ортаңызға сыйлы, еңбекте абыройлы қалпыңызда әлі де талай жылдар қатар қызмет етуді жазсын.
Сіз өнегелі еңбегіңізбен, тындырымды ісіңізбен және қарапайым да парасатты мінезіңізбен үлкен абырой — беделге ие болған ұжымымыздың тәжірибелі, үздік маманысыз. Туған күніңіз құтты болсын! Әрдайым еңбегіңіз жана берсін, жаңа биік жетістік шыңдарына көтеріле беріңіз деп тілейміз.
Сіз талантты, өз мамандығын жете меңгерген, қызметтестері алдында ерекше беделге ие болған жансыз. Жинаған тәжірибеңізді тәлімгер және ақылшы ретінде кейінгі жастарға жеткізуден жалықпайсыз.
Игі істеріңіздің қашанда оңға басуына, әр қадамыңыздың қарымды болуына, ел — қоғам алдында абыройыңыздың арта беруіне тілектестік білдіреміз.
Әріптес — қызметтестерге құттықтау, тілек
Жыл сайын қуанышқа бөленіңіз,
Бақытқа отбасылық кенеліңіз!
Жұмыста еңбегіңіз бағаланып,
Медальмен, орденменен еленіңіз!
Туған күніңізбен шын жүректен құттықтай отырып, шынайы көңілден шыққан ізгі тілегімді жолдаймын!
Кең байтақ еліміздің жүрегі – Астанада көп жылдан бері……………. саласының жұмысын жандандырып еселі еңбек етіп
жүрген жігерлі де жауапты азаматтарымыздың бірісіз.
Өз ісіңізге берілгендігіңіз бен кәсіби шеберлігіңіз, әділдігіңіз бен адамгершілігіңіз үшін әріптестеріңіз Сізді білікті маман, ақжүрек азамат ретінде құрмет тұтып сыйлайды.
Бүгінгідей мерейлі сәтте Сізге еңбекте толағай табыстарға, мақсатта биік шыңдарға жете беруіңізді тілеймін.
Әрдайым отбасыңыз аман, жүзіңіз жарқын, мерейіңіз үстем болсын!
Кемелді келешекке қарышты қадам басқан Отанымыздың бас қаласы – Астананың жоғары талаптары әр азаматқа ауқымды да аса жауапты міндеттер жүктейді.
Осы ретте халыққа қызмет көрсетудің ең қажетті де қашанда өзекті саласы – /саланың атауы/
дамыту мен жетілдіру ісіне көп жылдар бойы аянбай еңбек етіп келген Сіздің тұлғаңыз алдыңғы қатардан орын алады.
Сіз байыптылығыңыз бен іскерлігіңіз, кәсіби шеберлігіңіз бен жоғары біліктілігіңіз әлдеқашан танымал болған білгір де тәжірибелі мамансыз.
Осы қуанышты күнде шын көңілден шыққан ізгі — ниет, ақ тілектерімді қабыл алғайсыз.
Бойыңызға мұқалмас жігер, қайтпас қажыр, еңбегіңізге таусылмас табыстар, отбасыңызға ортаймас бақ — ырыс тілеймін!
Мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!
Сіздің бүгінгі қуанышты сәтіңіз — туған күніңіз құтты болсын!
Көлік қызметкерлері қашанда халыққа барынша сапалы, жоғары деңгейдегі қызмет көрсетуді мақсат ететіні анық.
Бұл салада Сіз өз білімділігіңізбен, тәжірибелілігіңізбен, адал еңбегіңізбен ерекшеленіп келесіз.
Сізге таза көңілімнен шыққан ізгі ниетімді білдіре отырып, бақытты да баянды ғұмыр, жемісті де жеңісті күндер, қажымас қажыр — қайрат, талмас талап — жігер тілеймін.
Әрқашанда деніңіз сау, көңіліңіз жайдары, отбасыңыз берекелі болсын!
Біліктілігіңіз бен іскерлігіңізді орайлы ұштастыра отырып, білім беру ісіне сүбелі үлесіңізді аянбай қосып келесіз.
Сізге ақ ниетпен қартаймас жайдары көңіл, мәнді де мағыналы өмір, жемісті еңбек пен сарқылмас қуат тілеймін. Көңіліңіз шаттық пен қуанышқа, жанұяңыз бақ пен берекеге толсын.
…………. жасқа толған мерейлі тойыңызбен шын жүректен құттықтай отырып, жүрек жарды жылы лебіздерімізді жолдаймыз!
Сіз денсаулық саласында көп жылдар бойы өнегелі еңбек етіп, тындырымды істер атқарып келесіз. Әріптестеріңізге осы бір маңызды саланың қыр — сырын үйретуден жалыққан емессіз. Бүгінде ұжымымыз Сізді үлкен абырой — беделге ие болған тәжірибелі, үздік маман ретінде құрмет тұтып сыйлайды.
Денсаулығыңыз мықты, жүзіңіз жарқын, ғұмырыңыз ұзақ та мағыналы болсын деген ізгі ниетпен Сізге бақыттың баяндысын, дәулет — ырыстың Сыр суындай сарқылмасын, табыс — тартулардың тау суындай таусылмасын тілейміз.
Әрқашан мерейіңіз үстем, мәртебеңіз биік болсын!
Сізге осы қуанышты сәтте өмірде бақытты, ұжымда беделді, дос — жолдастарыңызға қадірлі де сыйлы болуды тілейміз!
Әрдайым жүзіңіз нұрға, өміріңіз жырға толып, алға қойған үлкен мақсаттарыңызға сүрінбей жете беруіңізге тілектеспіз.
Аспаныңыз ашық, жүзіңіз жарқын, шаттық — қуанышыңыз мол болсын!