Жамбыл облысында майордың қылмысы видеоға түсіп қалды
Бірқатар өңірінде әскери қызметшілер жемқорлық жасады деген күдікке ілінді. Тұрар Рысқұлов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің басшысына қатысты тергеу басталды
НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша – Sputnik. Жамбыл облысында жоғары лауазымды әскери қызметкері әскери билет бергені үшін 35 мың теңге пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.
Жамбыл облысының сыбайлас жемқорлыққа қүрес қызметі Тұрар Рысқұлов ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімнің басшысы әрі майорына қатысты тергеуді бастаған.
«Ол әскери есепте тұру туралы анықтама және шекті жасқа жету бойынша әскер билет беруде ықпал еткені үшін азаматтан 35 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді», — делінген баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Алайда жоғары лауазымды әскери қызметкер қамауға алынбапты.
«Күдікті мен оның қорғаушысының жеделдетілген сотқа дейінгі тергеу туралы ұсынымына және келу туралы міндеттемесін беруіне байланысты оған қатысты процессуалдық ұстау қолданылған жоқ», — делінген хабарламада.
Тіркелген фактіге қатысты соңғы шешімді сот шығарады.
Сонымен қатар Түркістан облысында тағы бір әскери қызметкер жемқорлық қылмысын жасаған.
«2019 жылдың жылдың 20 қарашасында Шымкент гарнизонының әскер сотымен алаяқтық жасағаны үшін Түркістан облысы Отырар ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің жасақтау бөлімшесінің басшысы, капитан Б. Алиев сотталды. Ол алдау және сенімді асыра пайдалану арқылы өңірдегі тұрғынның ұлын ҚР Қарулы күштеріндегі қызметін кейінге шегергені үшін 80 мың теңге көлемінде қаражатын иемденді деген күдікке ілінген», — делінген хабарламада.
Тағы оқыңыз: Қостанайда сотталған шенеуніктің камерасында болған жағдай видеоға түсіп қалды
Соттың үкімімен ол өмір бойы мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан және әскери шенінен айырылды.
Сондай-ақ алаяқтық жасаған әскери қызметкер мемлекетке 800 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді.
sputniknews.kz