Нұрсұлтан Назарбаев БАӘ президентіне көңіл айтты
Қысқа сілтеме алу
Назарбаев шейх Сұлтанның елдің аяқтан тұрып, гүлденуіне ерекше үлес қосқан тұлға ретінде ел тарихында өшпес із қалдыратынын атап өтті
НҰР-СҰЛТАН, 19 қараша — Sputnik. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің президенті шейх Халифа бен Заид Аль Нахаянға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды elbasy.kz.
БАӘ басшысының інісі шейх Сұлтан бен Заид Аль Нахаян қайтыс болды.
«Бауырыңыз әрі Біріккен Араб Әмірліктерінің абыройлы саяси қайраткері шейх Сұлтан бен Заид Әл Нахаянның дүниеден озғаны туралы суыт хабарды зор күйзеліспен қабылдадым. Шейх Сұлтан Біріккен Араб Әмірліктерінің аяқтан тұрып, гүлденуіне ерекше үлес қосқан тұлға ретінде ел тарихында өшпес із қалдырды. Оның жарқын бейнесі Әмірліктер халқының жүрегінде әрдайым сақталатынына сенімдімін», — деді Назарбаев.
Елбасы сын сағатта БАӘ президентіне және отбасы мүшелеріне сабыр тіледі.
БАӘ-де аза тұту жарияланды
БАӘ-де президент інісінің дүниеден өтуіне байланысты үш күндік аза тұту жарияланды.
Шейх Сұлтан 64 лет жасында дүниеден өтті. Ол Біріккен Араб Әмірліктерінің негізін қалаушы және бірінші президенті шейх Зеидтың екінші баласы.
sputniknews.kz