Таразда оқушы қызды педофил дәретханада зорлап кеткен
Қысқа сілтеме алу
Қылмыс мектеп маңындағы дәратханада жасалған. Педофил бейнебақылау камераларының таспасына түсіп қалыпты
НҰР-СҰЛТАН, 19 қараша – Sputnik. Он екі жастағы оқушы қыз мектепте жүргенде зорлық-зомбылыққа тап болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.
Мәлімет бойынша, мектепте тек бір дәретхана бар, ол жиі жабық тұрады екен. Сол себептен оқушыларға даладағы дәретханаға баруға тура келеді. Ал оған кез келген адам кіре алады.
Сырттағы дәретханаға жетінші сынып оқушысы да барады. География пәнінен сұранып барған ол педофилге тап болады.
Қыз болған жағдай жайлы сынып жетекшісіне хабарлайды. Екі сағаттан соң азғындық жасаған тұрғын ұсталады, оқушы оны бірден танып қояды.
Мектеп аумағы бейнебақылау камераларымен жабдықталған екен. Дегенмен қылмыскер видеоға түсіп қалса да, бұл жайт оған балаға азғындық жасауға еш кедергі келтірмейді.
Тағы оқыңыз: «Әлі де жеңілдеу»: сенат депутаты кімді өлім жазасына кесу керек екенін айтты
Осы оқиға жайлы белгілі болғаннан кейін ата-аналар мектеп дәретханасының дұрыс жұмыс істемегені және бөтен адамға ешкім назар аудармағаны үшін мектеп басшылығын жазалауды талап еткен.
Кейін ұсталған адамның бұрын ұрлық үшін істі болған 38 жастағы тұрғын екені анықталады.
Дәрігерлер зардап шеккен қыздың халі қанағаттанарлық жағдайда деп отыр. Мектептің психолог маманы оқушы сабаққа оралуға дайын екенін айтты, тек әлеуметтік желіде оны қудалау тоқтатылса болды дейді.
sputniknews.kz