ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ХАЛЫҚ САНЫ ӨСУ ҮСТІНДЕ

0
2019 жылдың 1 қыркүйегінде облысымыздағы халық саны 800,8мың адамды құрады, соның ішінде қалалықтар – 356,2 мың (44,5%), ауылдықтар – 444,6 мың адамды (55,5%) құрады. 2018 жылдың 1 қыркүйегімен салыстырғанда халық саны 10,3 мың адамға немесе 1,3% өсті.
АХАТ органдары ұсынған азаматтық хал актілер жазбаларындағы мәліметтерді өңдеу нәтижесінде, 2019 жылғы қаңтар-тамызында туылғандар саны 12655 адамды құрады, бұл 2018 жылдың қаңтар-тамызына қарағанда 0,6% көп. Туудың жалпы коэффициенті 1000 адамға 23,78 туылғандарды құрады.
2019 жылғы қаңтар-тамызындағы облыс халқының табиғи өсімі 2018 жылғы қаңтар-тамызымен салыстырғанда 6 адамға немесе 0,1% кеміп, 9658 адамды құрады. Табиғи өсімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға шаққанда 18,15 адамды құрады.
Қарастырылып отырған кезеңде қайтыс болғандар саны 2997 адамды құрады, бұл 2018 жылғы қаңтар-тамызына қарағанда 2,4% көп. Өлім-жітімнің жалпы коэффициенті 1000 адамға 5,63 қайтыс болғандарды құрады. 2019 жылғы қаңтар-тамызда облыста 1 жасқа дейінгі 129 нәресте өлімі тіркелді. 2018 жылғы қаңтар-тамызымен салыстырғанда 1 жасқа дейінгі шетінеген нәресте саны 10,2% көбейген. Нәресте өлім-жітімінің коэффициеті 1000 туғандарға шаққанда 9,80% құрады.
Алдын-ала алынған деректер бойынша 2019 жылғы қаңтар-тамызындағы көші-қон алмасуы нәтижесінде Қызылорда облысынан 31877 адам кетіп, облысқа 28682 адам келді. 2018 жылдың қаңтар-тамызымен салыстырғанда облысқа келгендер саны 30,4%, ал облыстан кеткендер саны 31,2% көбейген.
Алыс және жақын шет елдерден 18 адам (2018 жылғы қаңтар-тамызында– 27 адам), республиканың басқа облыстарынан 6470 адам келсе, өткен жылдың сәйкес кезеңінде 5885 адам келген болатын.
Облыстан 9633 адам немесе жалпы көлемнің 30,2% көшуі көбінесе республиканың басқа облыстарына кетуге байланысты болды (2018 жылғы қаңтар-тамызында тиісінше 8169 адам немесе 33,6% кеткен болатын).
Алыс және жақын шет елдерге 50 адам, ал 2018 жылдың қаңтар-тамызында 43 адам көшті. Сыртқы және ішкі көші-қон нәтижесінде 2019 жылдың қаңтар-тамызында 3163 адамға, 2018 жылғы қаңтар-тамызында 2284 адамға кему қалыптасқан.
Облыстың 22194 тұрғыны Қызылорда аумағында тұрғылықты орнын ауыстырды (2018 жылғы қаңтар-тамызында 16080 адам).