астанада болған жағдайдың видеосы желіде тарап кетті

0

Тұрғындар ішінде жолаушы толы автобустың жолын жауып, шу шығарды. Көлік компаниясы болған жағдайды түсіндірді

НҰР-СҰЛТАН, 17 қараша — Sputnik. Елордада әйелдер Family village тұрғын үй кешеніне бара жатқан қоғамдық көліктің жолына тұрып алды.

Желіде әйелдердің №47 автобустың қозғалысына кедергі жасап тұрған видео тарады.

«Сендерден бұрын кім өтті, ол неге бізді алмады? Енді сен де тұрасың. Оқушыларды түсіріп кетті, сұмдық»,- дейді әйелдердің бірі автобус жүргізушісіне.

Диалогта боғауыз сөз қолданылады. Видео JEXEN NEWS Telegram каналында жарияланған.

«Астана LRT» көлік компаниясы болған оқиғаны түсіндірді.

«13 қараша күні сағат 07:50 шамасында №47 бағытта жүретін автобус сынып қалды. Одан кейін келе жатқан осы бағыттағы автобусты адамдар тоқтатып, бұған дейінгі автобустың соңғы аялдамаға неге бармағанын түсіндіруді талап етті», — деді Sputnik Қазақстан тілшісіне компаниядағылар.

Тағы оқыңыз: «Бәрі шошып кетті»: автобус жүргізушісі аялдамада болған сұмдық туралы айтты

№47 автобус жүргізушісіне аялдама қарастырылмаған жерде тоқтап, адамдарды кіргізуге тура келген.

«Жүргізуші боғауыз сөзсіз жауап беруі тиіс болатын. Бұл әрекеті үшін ол көлік мамандарының біліктілігін арттыру орталығына жіберілді. Қайта оқытудан өтеді», — деді компанияның баспасөз қызметі.



sputniknews.kz