«Перінің Париждегі күндері»: Ив Сен-Лоран иллюстрациялары

0

Maison Cornette de Saint Cyr аталатын бәссауда үйі аты аңызға айналған дизайнер Ив Сен-Лоранның «Перінің Париждегі күндері» (Un Diable à Paris) кітабына арнап жасаған иллюстрацияларын сатылымға шығармақ.

Бұл кітап  француз балалар әдебиеті жауһары. Француз балалары 1960 жылы баспагер Жак Дамастың ұсынысымен пайда болған осы бір кітапшаны оқып өседі.

Сен-Лоран салған суреттердің көпшілігі қалың көрермен назарына алғаш рет ұсынылғалы отыр. Бәссауда 19 желтоқсанға жоспарланған.

Бір жақсысы, суреттерді тамашалағысы келгендер 14-18 желтоқсан аралығында Парижде өтетін көрмеден көре алады. Экспозицияда Фернан Леже, Жоан Миро мен Морис де Вламинк туындылары да болады.