бір қаза болып, сегізі ауруханада жатыр

0

Оқиға

Қысқа сілтеме алу

0 0 0

Қаза болған әйелдің кім екені анықталып жатыр. Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлімі бойынша іс қозғалды

ТАЛДЫҚОРҒАН, 16 қараша — Sputnik. Алматы – Бішкек тас жолында үш көлік соқтығысты, салдарынан бір адам қаза тауып, сегізі жарақат алды.

Жол апаты сенбі таңертең республикалық автожолдың 94 шақырымында болды. Үш көлік – Toyota Estima, Nissan Maxima және Hyundai Starex соқтығысқан. Салдарынан бір адам көз жұмып, сегізі Жамбыл аудандық ауруханасына жеткізілді.

«Апат орнында полицейлер жұмыс жасап жатыр. Жол апатының барлық мән-жайы сотқа дейінгі тергеу барысында анықталады. Қылмыстық кодекстің 345-бабының 3-бөлімі (Адам өліміне әкелген жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша іс қозғалды», — деп хабарлады Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицияның мәліметіне сәйкес, жол апатынан жас әйел көз жұмды, оның кім екені әзірге анықталған жоқ. Сегіз адам жарақат алды. Олар Жамбыл, Түркістан, Алматы облыстары мен Алматы қаласының 21-34 жас аралығындағы тұрғындары.

Алматы облысының полиция департаменті күннің суытып, ауа райының бұзылуына байланысты жүргізушілерге көліктің дөңгелегін жылдамдатып қысқыға ауыстыру қажеттігін еске салады. Сондай-ақ қыста күн бұзылған кезде алыс жолға шықпаған жөн.

Тағы оқыңыз: Павлодар облысында отбасы мінген көлік жантүршігерлік апатқа ұшырады



sputniknews.kz