АҚШ-тың Сириядағы мақсаты қандай?  

0

АҚШ Сирияның аумағында квази-мемлекет құру үшін Евфрат өзенінің шығыс жағалауындағы аумақты бөліп алғысы келеді. Бұл туралы Париж бейбітшілік форумында Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров мәлімдеді. АҚШ-қа бұл не үшін керек екенін біздің видеодан көріңіз

Ресей СІМ басшысының пікірінше, Вашингтонның түпкі мақсаты – шығыс жағалауда орналасқан мұнай кеніші. Оған қол жеткізу үшін Ақ үй кез келген құралды қолдануға дайын.

«АҚШ Сирияның демократиялық күштері, күрдтер – халықтық өзін-өзі қорғау жасақтары және басқа да топтар негізінде жергілікті әкімшілік құру үшін Парсы шығанағындағы елдерден қомақты инвестиция сұрайды, бұл Сирияның осы бөлігін бөліп алып, ондағы мұнай кенішін бақылауды көздеп отырғанын білдіреді», — дейді Сергей Лавров.



sputniknews.kz